Қазақстан қалалары қатты соққан дауылдан зардап шекті
Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері ғимарат шатырларының жұлынып, ұшып кеткен 42 жағдайды тіркеді. 100 елді мекенде электр қуаты өшіп, оның 60-ы қалпына келтірілді, деп хабарлайды ТЖД.
Қарағандыда қатты соққан дауыл салдарынан шатырлар жұлынып, ағаштар құлаған, аялдамалар мен көліктер зақымданған. Қаланың кейбір бөліктерінде электр қуаты өшіп қалды.
Астанада қатты желдің салдарынан қала тұрғыны зардап шекті. Бір әйелдің үстіне жарнамалық баннер құлап, ауруханаға жатқызылды, дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді, деп хабарлайды әкімдіктен.
Өткен тәуліктерде Астана қаласының ТЖД-нің қызметкерлері 28 рет шақыртуға шыққан, оның 3-і расталмаған шақырту, 10-ы өртке қатысты, ал 12-і апаттық-құтқару шақыруы болып табылды. Коммуналдық қызметтер мен әкімдік апат салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

