15.03.2024, 22:09 25636

Алматы хайуанаттар бағында екі аюдың баласы дүниеге келді

Алматы хайуанаттар бағында екі аюдың баласы дүниеге келді
Сурет: Depositphotos
Зообағымыздағы Тянь-Шань ақ тырнақты аюлары - Герда мен Құрманбектің жұбында екі жаңа төл өмірге келді. 2023 жылдың 29 желтоқсанында туылған қонжықтардың жағдайы жақсы.

Кішкентай аюлардың анасы - Герданың да денсаулығы жақсы. Ол осымен үшінші рет өмірге ұрпақ әкеліп отыр.


Қонжықтар жарты жылға дейін анасының сүтін емеді. Қазір Гердаға лайықты мөлшерде азық берілуде. Оның сүйікті қорегінің ішінде - жеміс-жидек, ет, балық, ботқа, нан, жарма, түрлі витаминдер бар.

Қазіргі уақытта Герда қонжықтарымен бірге өзінің апан-үйшігінде. Ол кішкентай аюларды қызметкерлерге де көрсеткісі келмей, бауырына басуда. Күн жылына бастағанда және қонжықтар кішкене өсіп-жетілгенде Герда оларды даладағы қоршауға шығаратын болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны