15.06.2026, 19:05 301

2 млрд теңгеден астам заңсыз табыс: Kizdar.net ұйымдастырушылары ұсталды

2 млрд теңгеден астам заңсыз табыс: Kizdar.net ұйымдастырушылары ұсталды
Сурет: Polisia.kz
Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен "Kizdar.net" интернет-ресурсын ұйымдастырушыларының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2011 жылдан бастап сайт жарнама орналастыру және ақылы интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін пайдаланылған.

Болжамды интернет-ресурсты ұйымдастырушылар ұсталды, олардың әрекеттері ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігімен сараланып, соттың санкцияларымен қамауға алынды.

Тінту барысында ірі сомада ақша қаражаты, цифрлық активтер, компьютерлік техника және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Алдын-ала 2 млрд теңгеден астам мөлшерде заңсыз табыс анықталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Істің барысы Алматы қаласы прокуратурасының ерекше бақылауында.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны