06.03.2025, 11:15 94466

Қарағанды облысында білім саласында 300 миллион теңгеден астам ұрлық фактісі анықталды

Қарағанды облысында білім саласында 300 миллион теңгеден астам ұрлық фактісі анықталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

Қарағанды облысының прокуратурасы "№33 мектеп-бөбекжай-бақша кешені" КММ-де бюджет заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді.

Тексеріс барысында аталған мекеменің екі есепшісінің 15 жыл бойы өздеріне белгіленген нормадан артық жалақыны заңсыз аударғандығы анықталды. Ұрлықтың сомасы 300 миллион теңгеден асты.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны