07.03.2025, 16:22 88666

Қызылорда облысында 120-дан астам киікті атқан тұрғындар ұсталды

Қызылорда облысында 120-дан астам киікті атқан тұрғындар ұсталды
Қызылорда облысында 120-дан астам киікті атқан тұрғындар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz баспасөз қызметінен.

6 наурызда өңір полицейлері Volkswagen Crafter көлігін тоқтатып, тексеру барысында оның ішінен 39 киіктің өлексесін тапты. Сонымен қатар жеке үйді тексеру кезінде тағы 84 өлексе, 14 бас және 6 тері анықталды.

Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны