20.03.2025, 10:57 58071
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы Әзірбайжаннан экстрадицияланды
Достарға айту
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы Әзірбайжаннан экстрадицияланды, деп хабарлайды Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ҚР Әзербайджандағы Елшілігінің көмегімен Қазақстан азаматшасын заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Әзербайжан Республикасынан экстрадициялады.
Аталған тұлға 2023 жылы Алматы қаласында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, сол үшін аса ірі көлемде пайда тапты деген күдікке ілінген.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздестіру жарияланды.
Ағымдағы жылдың қаңтарында ол Баку қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
25.04.2025, 15:13 29116
Ұлытау облысында суррогаттік алкогольмен заңсыз сауда жасаған үшін сотталды
Достарға айту
Ұлытау облысында суррогаттік алкогольмен заңсыз сауда жасаған үшін сотталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Облыс прокуратурасы Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп алкоголь және темекі өнімдерін заңсыз сату дерегін анықтады.
Сәтбаев қаласының тұрғыны үйінде суррогаттік алкогольді дайындайтын цех ұйымдастырып, әрі қарай қала тұрғындарына сатқан.
Тінту барысында одан тоннаға жақын құрамында спирт бар тағамдық өнімдері, дайындайтын құралдар және бірнеше акцизсіз темекі өнімдері анықталды.
Тергеу барысында күдікті кінәсін толығымен мойындады.
Сәтбаев қалалық сотымен 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2025, 15:02 29406
Алматыда екі жолаушы такси жүргізушісіне қатысты агрессия танытқаны үшін жауапқа тартылды
Достарға айту
Алматыда екі жолаушы такси жүргізушісіне қатысты агрессия танытқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Алматы сотының баспасөз қызметінен.
Алматы қаласының соттарында биыл сәуір айында такси жүргізушісі В. мен жолаушылар Т. мен К. арасындағы қақтығысқа қатысты екі іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, Т. көліктің артқы орындығында отырып, салонда темекі шегіп отырған. Жүргізушінің ескертуіне ол агрессивті жауап берген - балағат сөздер айтып, жүргізушіні желкеден ұрған. Сот Т.-ны ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы 1-бөлігімен (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру) кінәлі деп танып, 12 тәулікке қамаққа алуды және жәбірленушінің азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, 100 000 теңге мөлшерінде моральдық шығын өндіруді шешті.
Екінші жолаушы К., көліктің алдындағы орнында отырып, жүргізушімен тағы да қақтығысқа түсіп, балағат сөздер қолданған. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы 1-бөлігімен (кішігірім хулигандық) жауапқа тартылды. Сот К.-ға 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.
Екі сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2025, 12:53 29681
Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізуші жауапқа тартылды
Достарға айту
Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
22 сәуір күні сағат 15:30-да Трудовая және Әшімов көшелерінің қиылысында жол ережесін бұзу дерегі анықталды.
Toyota көлігінің жүргізушісі жыпылықтайтын шамдары қосылып тұрған жедел жәрдем көлігіне жол бермеген.
Жүргізуші әйел жауапкершілікке тартылды.
Оған қатысты алдын алу, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полиция ескертеді: жедел тапсырмаларды орындайтын көліктерге қатысты жүргізу тәртібін сақтау тек заң талабы ғана емес, адам өмірінің мәселесі. Жолдағы өзін-өзі ұстау мәдениеті - қаладағы қауіпсіздіктің негізі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2025, 12:50 29931
Өскеменде халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат қолға түсті
Достарға айту
Өскеменде халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат қолға түсті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2025 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Өскемен қаласының қонақүйлерінің бірінде шетел азаматы ұсталды.
Белгілі болғандай, 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап аталған азамат аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген.
Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.
Сонымен қатар оны іздестіруді бастаған елге экстрадициялауды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2025, 15:18 46381
"Набережная" ақшасын ұрлаған қарақшылар қамауға алынды
Достарға айту
Набережная" ақшасын ұрлаған қарақшылар қамауға алынды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Ақмола облысының арнайы прокурорларымен 170 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Көкшетау қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімінің бұрынғы басшысы, техникалық қадағалау - "М-Строй Проект" ЖШС-і және мердігер компания "ПавлодарЭнергоМонтаж" ЖШС-нің басшылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған қаражаттар 2021 жылы Көкшетау қаласында ескі аэропорттан бастап Қан орталығына дейін "Набережная" жағажайын салуға бөлінген.
Күдіктілердің әрекеттері аса ірі көлемде жымқыру - талан-таражға салу, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сараланды. Көрсетілген бап бойынша мүлкін тәркілеумен қоса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Барлық күдіктілер сот санкциясымен күзетпен ұстауға алынды.
Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүлік -Астана қаласында 95 млн теңгеге бағаланған коммерциялық жылжымайтын мүлік табылды.
Прокурорлар "Набережная" жобасы бойынша жұмыстың бір бөлігі Атбасар қаласындағы басқа объектісінен жымқырылған ақшаға жасалғаны анықталды.
Сол себепті, бір күдіктінің әрекеті қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату), яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 218-бабы 3-бөлігі бойынша қосымша сараланды. Бұл үшін мүлкін тәркілеумен қоса 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Қазіргі уақытта, қылмыстық іс аяқталу үстінде, соңғы нүктені іс бойынша сот қоятын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2025, 15:02 46716
Алматыдан келген оқушыға қатысты азғындық әрекеттер жасаған күдікті 7 жылға сотталды
Достарға айту
Алматыдан келген оқушыға қатысты азғындық әрекеттер жасаған күдікті 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасы ның баспасөз қызметінен.
Медеу ауданының прокуратурасы Алматы қаласының 12 жасар оқушысына азғындық әрекеттер жасаған Түркістан облысының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу барысында ер адам Астанада болған кезде Telegram мессенджері арқылы Алматы гимназияларының бірінде оқитын 6 сынып оқушы қызбен танысқаны анықталды.
Кейіннен, бейнебайланыс барысында зорлық-зомбылық қолданусыз, ол жыныстық сипаттағы жол берілмейтін әрекеттер байқалатын әдепсіз сипаттағы іс-әрекеттер жасаған.
Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты.
Оған 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.
Үкім заңды күшіне енді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2025, 10:32 47131
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы сотталды
Достарға айту
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы сотталды, деп хабарлайды Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Ақтөбе қаласының № 2 соты облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Б. Шағалбаевқа және оның орынбасары Н. Досжановқа қатысты үкім шығарды.
Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында олар дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін жүзеге асыруға лицензияны кедергісіз бергені үшін коммерциялық ұйым басшысынан 1 млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды.
Сот лауазымды тұлғаларды пара алғаны үшін, ал кәсіпкерді пара бергені үшін кінәлі деп тауып, оларға мемлекеттік қызметте, судьяда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 20-дан 35 млн теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде жаза тағайындады.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2025, 10:09 47436
ҚМА Қостанай облысында заңсыз микроқаржы қызметін тоқтатты
Достарға айту
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті заңсыз микрокаржылық қызметін атқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Күдікті 2020 жылдан бастап тиісті лицензиясыз азаматтарға пайызбен және мүлік кепілдігімен "OLX" пен "Instagram" мобилді қосымшалары арқылы қарыз берген.
Келісімшарт жасасу кезінде несиелік мәмілені заңды етіп көрсету үшін ол қарыз сомасын шын мәніндегі сомадан әлдеқайда көп етіп көрсеткен. Себебі бұл сомаға жылдық 100%-ға дейін баратын алдын ала есептелген сыйақылар енгізілген.
Осылайша күдікті жалпы көлемі 100 млн теңгеден астам қаражатты қарызға берген.
Айта кету керек, оның заңсыз әрекеттерінің салдарынан қарапайым азаматтардың құқықтары мен мүдделері бұзылған. Олар қарыз алудың тиімсіз, ауыр шарттарының құрбанына айналған.
Жедел қаржылық көмек іздеген олар жоғары пайыздық мөлшердер мен мүлкінен айырылу қаупі бар қаржылық тұзаққа түсткен.
Заңсыз жолмен алынған табыстың көзін жасыру үшін күдікті таныс бухгалтерді тартқан. Бірігіп, олар ақшаны жылыстатудың схемасын жасап, табысты көлік жөндеу қызметімен айналысатын кәсіпорынның заңды кірісі ретінде көрсеткен.
Ол үшін күдікті жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, шын мәнінде жұмыс істемейтін көлік жөндеу станциясының атынан фискалдық чектер шығарып отырған.
Нәтижесінде, күдікті заңсыз қызметінен түскен 60,6 млн теңгеден астам кірісті заңдастырған.
Соттың санкциясымен тәркілеу мақсатында оның пәтеріне және банктік шоттарындағы 28 млн теңге сомасындағы қаражатына тыйым салынды.
Тергеу жұмыстары жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
24.04.2025, 14:56Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтуде 24.04.2025, 15:14 834612025 жылдың басынан бері 3,2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды21.04.2025, 12:14 70031Әкімдердің орынбасарлары жылыту маусымындағы ақаулар үшін жазаланады21.04.2025, 12:25 69941Қазақстанда өндірістік жарақаттану деңгейі 16,8%-ға төмендеді21.04.2025, 11:09 58651Алматыда "Алматы жастары" бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау қорытындысы шығарылды
10.04.2025, 15:14 115236Алматыда биыл жаяу жүргіншілер өткелдері мен тротуарларды жарықтандыру деңгейі күшейтіледі18.04.2025, 17:23 112721Астанада Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды03.04.2025, 16:52 112021Алматыда әлеуметтік саладағы көмекші персоналдың жалақысы 30 % - ға артты11.04.2025, 18:13 111986Алматыда алғаш рет төрт ірі субұрқақ кешені реконструкциядан өтеді18.04.2025, 17:18 106091"Алматы жастары": жеңілдетілген ипотека жас мамандарға тұрғын үй туралы арманын жүзеге асыруға қалай көмектеседі