18.08.2021, 18:34 16486

Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына 5,8 трлн теңге жеке инвестиция тарту жоспарлануда

Кешенді жоспар Ақтөбе облысы бойынша Актөбе агломерациясын, мұнай-газ және көлік инфрақұрылымын, тау-кен металлургия кешенін, өнеркәсіптік кооперацияны, сондай-ақ ғылыми-медициналық және білім беру кластерін дамытуды көздейді.
НҰР-СҰЛТАН. 18 ТАМЫЗ - Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған Әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын таныстырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Кешенді жоспар Ақтөбе облысы бойынша Актөбе агломерациясын, мұнай-газ және көлік инфрақұрылымын, тау-кен металлургия кешенін, өнеркәсіптік кооперацияны, сондай-ақ ғылыми-медициналық және білім беру кластерін дамытуды көздейтін 6 бағыттан тұратын және 36 іс-шараны қамтиды", - деді министр.

 
Ерғалиев кешенді жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай 114 мың жаңа жұмыс орнын құруды, шамамен 5,8 трлн жеке инвестиция тартуды қамтамасыз етеді деп сендірді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 21,6%-ға, ауыл шаруашылығы өнімдері 37%-ға, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесі 34%-ға, халықтың ақшалай табыстары 41,8%-ға, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 21%-ға және құрылыс жұмыстарының көлемі 60,7% ға өседі. Жалпы өңірлік өнімнің нақты өсімі 27,4%-ға артады.
 
Согласно информации, жоспарды іске асырудың жалпы сомасы 567 млрд теңгені құрайды, оның ішінде РБ – 64,9 млрд теңге, ЖБ– 7,4 млрд теңге, жеке инвестициялар – 478,7 млрд теңге, сондай-ақ МЖӘ арқылы 16,6 млрд теңге.
 

Кешенді жоспардың бірінші бөлімі бойынша Ақтөбе агломерациясының инфрақұрылымын дамытуға 119,6 млрд теңге сомасына 13 инвестициялық жобаны қамтиды. Халықтың тұрмыс сапасын арттыру және жағдайын жақсарту мақсатында инженерлік-коммуникациялық және индустриялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобалар іске асырылатын болады. Сонымен қатар Ақтөбе қаласындағы кәріз-тазарту құрылыстарын жаңғырту және тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік-коммуникациялық желілерді қамтамасыз ету жоспарланып отыр", — деді Ә. Ерғалиев.

 
Сондай-ақ Кешенді жоспарда өнеркәсіптік кооперацияны дамыту жобаларын жүзеге асыру жоспарланған, оның ішінде 450 га индустриялық аймақты құру қамтылуда.
 

Ақтөбе қаласының еліміздің батыс бөлігіндегі өсу орталығы және ірі көлік торабы ретіндегі рөлін күшейтуге "Ақтөбе – Ор" және "Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы" сияқты жобалар ықпал ететін болады. "Ақтөбе – Хромтау – Қарабұтақ – Ұлғайсын" және "Ақтөбе – Атырау – Астрахань" автомобиль жолдарын қайта жаңартуды іске асыру жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 61%-дан 95%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді", — деді ұлттық экономика министрі.

 
Мамандардың болжамы бойынша, аталған жобаларды іске асыру көршілес өңірлермен жолаушылар ағыны мен жүк тасымалын ұлғайтады. Осылайша, Ақтөбе облысының тауар айналымы 2025 жылға қарай 1,5 есеге – 2,3 трлн теңгеге дейін артады.
 

Денсаулық сақтау және білім беру жүйелері қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін заманауи инфрақұрылым құрылады. 25 денсаулық сақтау объектісіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі", — деді Ә. Ерғалиев.

 
Көпбейінді аурухана, балалар онкогематология орталығы салынады, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарын жоғары технологиялық медициналық техникамен жабдықтау жоспарлануда. Сонымен қатар, Ақтөбе облысы бойынша 49 мектеп және Ақтөбе қаласында колледж студенттеріне арналған үш жатақхана салу жоспарлануда.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны