04.03.2022, 13:14 34891

Алматыда погромнан зардап шеккен кәсіпкерлерге 3,7 миллиард теңге төленді

Тіркелген 1 201 өтінімнің ішінен 1 009 бизнес субъектісіне залал өтелді.
АЛМАТЫ. 4 НАУРЫЗ - Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлерге 3,7 млрд теңге қаржы төленді.
 
Қалалық әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, шағын және орта бизнес субъектілеріне мүліктік залалды анықтау жөніндегі аймақтық комиссия отырысында кәсіпкерлердің жалпы сомасы 633,6 млн теңгеге 119 өтінімі мақұлданды. 
 
Оның ішінде 520,3 млн теңге сомаға 60 өтінім бюджет қаражаты есебінен, 113,3 млн теңгеге 59 өтінім "Жаңа Алатау" қайырымдылық қорының қаржысынан төленді. 
 

Алматы қаласы бойынша (комиссия жұмысы басталғаннан бері) барлық кезеңде 3 774,1 млн теңге сомаға 1 009 өтінім мақұлданды, оның ішінде бюджет қаражатынан 2 796,2 млн теңге сомаға 519 өтінім, "Жаңа Алатау" қорының қаражысынан 977,9 млн теңге сомаға 490 өтінім",- делінген хабарламада. 

 
Зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінен өтініштері InfoKazakhstan сайтына келіп түседі. 
 
Бүгінде Алматыда зардап шеккен 1 413 ШОБ субъектісі анықталды.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны