04.08.2022, 17:55 17741

Қазақстандық банктердің таза пайдасы бір жылда 46%-ға төмендеді

Қазақстандық банктердің таза пайдасы бір жылда 46%-ға төмендеді
НҰР-СҰЛТАН. 4 ТАМЫЗ - 2022 жылғы қаңтар-маусымда банктердің таза пайдасы 355 млрд теңге, бұл 2021 жылғы осындай кезеңімен салыстырғанда 46,2%-ға төмен, делінген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық есебінде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҚНРДА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Сондай-ақ, банк активтерінің табыстылығы (ROA) төмендеді.
 

Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2022 жылғы 1 шілдеде 2,7% (2021 жылғы 1 шілдеде – 3,2%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 21,9% (2021 жылғы 1 шілдеде – 25,9%) құрады", - делінген есепте.

 
Экономикаға кредиттер 2022 жылғы маусымда 2,7%-ға ұлғайып, 20,1 трлн теңгені құрады. 2022 жылғы маусымда жеке тұлғаларға кредиттер 2,9%-ға 11,97 трлн теңгеге дейін ұлғайды, ал заңды тұлғаларға кредиттер 2,4%-ға 8,08 трлн теңгеге дейін өсті.
 

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 2022 жылғы маусымда 1,9%-ға 18,25 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы кредиттер көлемі 11,8%-ға 1,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2022 жылғы 1 шілдеде 91,0%-ды құрады", - деп хабарлайды ҚНРДА.

 
2022 жылғы маусымда 2,03 трлн теңгеге жаңа кредиттер берілді, бұл 2022 жылғы мамырға қарағанда 10,9%-ға артық.
 
2022 жылғы маусымның қорытындысы бойынша банктердің экономикаға кредиттерінің неғұрлым елеулі сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 10%), сауда (26), құрылыс (4%) және көлік (5%) салаларына тиесілі. Басқа салаларға – 29,7% кредит.
 
2022 жылғы 1 шілдеде 2,7% (2021 жылғы 1 шілдеде – 3,2%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 21,9% (2021 жылғы 1 шілдеде – 25,9%) құрады. 2022 жылғы 1 шілдеде активтер 39,23 трлн теңгені құрады. Екінші деңгейдегі банктердің 11,41 трлн теңгеден астам немесе активтердің 29,1%-ын құрайтын өтімділігі жоғары активтерінің елеулі қоры бар.
 

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банк секторының жеткілікті капитал қоры бар. Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) – 16,4%, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 19,8%, бұл жүйе бойынша орташа алғанда заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асады", - деп атап өтті агенттікте.

 
Оның ақпараты бойынша, 2022 жылғы маусымда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 15,8%-ды (2022 жылғы мамырда – 15,8%), жеке тұлғаларға – 17,2%-ды (2022 жылғы мамырда – 17%) құрады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны