12.05.2021, 23:11 10081

Қазақстанда тауарлардың транзиті кезінде электронды кедендік сүйемелдеу енгізіледі

2021 жылдың 16 мамырынна бастап елімізде "жасыл" аймақта орналасқан қазақстандық импорттаушылардың мекен-жайына әкелінген тауарлардың транзиті кезінде электронды кедендік сүйемелдеу қолданылады.
НҰР-СҰЛТАН. 12 МАМЫР - 2021 жылдың 16 мамырынна бастап елімізде "жасыл" аймақта орналасқан қазақстандық импорттаушылардың мекен-жайына әкелінген тауарлардың транзиті кезінде электронды кедендік сүйемелдеу қолданылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ағымдағы жылдың 16 мамырынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 407 бұйрығы қолданысқа енеді.
 

Тікелей электронды кедендік сүйемелдеу көлік құралдарының жүк бөлімдеріне навигациялық пломбаларды ілу және көлік құралы жөнелтілетін кеден органынан бастап баратын кеден органына дейінгі қозғалысын қашықтықтан қадағалау арқылы жүзеге асырылады", - деп хабарлады МКК-де.

 
Электрондық кедендік сүйемелдеуді енгізу транзит кезінде кедендік операцияларды жеңілдетуге, оларды жүзеге асыру уақытын және транзиттік тасымалдауға қаржылық шығындарды қысқартуға бағытталған.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны