10.11.2021, 21:12 45510
Өскеменде АЭС үшін отын өндірісі іске қосылды
Сурет: inform.kz
Достарға айту
Атом саласын дамыту Қор үшін стратегиялық басымдыққа ие. Еліміз қосылған құны жоғары және жоғары бөлістегі уран өнімін өндіру мен өткізуге мүдделі. Қазатомөнеркәсіптің шетелдік әріптестермен бұл жобаны табысты іске асыруы АЭС-ке арналған ядролық отынды жеткізуші мемлекеттердің шектеулі шеңберіне кіруді қамтамасыз етті", - деп атап өтті өз сөзінде "Самұрық-Қазына" АҚ-ның Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.
"Үлбі-ЖБҚ" ЖШС – Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны, құрылтайшылары – 51% үлесі бар "ҮМЗ" АҚ ("Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның еншілес компаниясы) және 49% үлесі бар CGNPC-URC (China General Nuclear Power Corporation еншілес компаниясы).
Зауыт құрылысына Қытай, Франция және АҚШ өндірген жоғары технологиялық жабдық пайдаланылды. Зауытта жылу бөлетін құрастырмалар (ЖБҚ) – ядролық реакторда жылу энергиясын алуға арналған инженерлік құрылымдар шығарылатын болады.
Инновациялық өндірістің ашылуы Қазақстанның әлемдегі атом станцияларына арналған ядролық отын өндіруші және жеткізуші мемлекеттердің шектеулі тобы қатарына кіруге мүмкіндік береді. Жоба атом өнеркәсібіндегі әлемнің жетекші компанияларының табысты әрі көп жақты кооперациясының жақсы үлгісі болып табылады. Ғылымды қажетсінетін өндірісті ұйымдастыру біздің еліміз үшін атом саласындағы басқа мемлекеттермен ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша жаңа мүмкіндіктер ашады", - деді "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы Мәжит Шәріпов.
Өндіріс үшін жылу бөлетін құрамаларды дайындаудағы әлемдік көшбасшылардың бірі – француздық Framatome компаниясының озық технологиясы таңдалды.
Бір ЖБҚ құрамында 264 ЖБЭл (жылу бөлетін элемент) бар. ЖБЭлдер – ұзын металл шыбықтар, олардың қуысына "ҮМЗ" АҚ шығаратын отын таблеткалары орналастырылады. Осылайша, жаңа зауыт өз қызметімен қатар Үлбі металлургия зауытының қуатын қосымша "жүктеуге" де мүмкіндік береді.
"Үлбі-ЖБҚ" ЖШС Framatome компаниясының сертификатын алды, ол зауыт жылына 200 тонна уран көлемінде AFA 3GTM дизайнындағы ЖБҚ дайындай алатынын растайды. Сондай-ақ ЖБҚ сатып алушы CGNPC-URC компаниясының барлық талаптары орындалып, ҚХР үшін сертификатталған өнім жеткізіп беруші мәртебесі алынды.
"Үлбі металлургия зауыты" АҚ-ның Басқарма төрағасы Сергей Бежецкий атап өткендей: "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның шетелдік серіктестермен ынтымақтастығының арқасында Қазақстан қызметтердің интеграцияланған пакетін жеткізуші болып отыр. Жалпы, жобаны іске асырудың сала үшін де, еліміз үшін де экономикалық және әлеуметтік пайдасы зор".
CGN компаниясы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-мен уран өндіру, табиғи уранды сату және таблетка өндіру саласында 2006 жылдан бері ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. "Үлбі-ЖБҚ" ЖШС зауытының құрылысы бойынша бірлескен жобаны іске асыру серіктестікті тарихи жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
10.12.2025, 15:20 4241
Қазақстанда мұнай өнімдеріне жаңа акциз мөлшерлемелері қабылданды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Биыл 5 желтоқсандағы Үкімет қаулысымен бензинге (ұшақ отынын қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға жаңа акциз мөлшерлемелері бекітілді, деп хабарлайды Inform.kz.
Атап айтқанда, көтерме сатуда бензинге тоннасына 38 134 теңге, дизель отынына 35 726 теңге, ал газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға 38 134 теңге мөлшерінде акциз салынады.
Сонымен қатар бөлшек саудада және өз өндірістік қажеттіліктері үшін пайдалану кезінде бензинге 38 634 теңге, дизель отынына 35 726 теңге, ал газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға 38 634 теңге мөлшерінде акциз бекітілген.
Ал импорт бойынша бензинге 38 134 теңге, дизель отынына 35 726 теңге, газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға 38 134 теңге мөлшерінде акциз қойылады.
Аталған қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 13:28 4556
2,3 трлн теңгеге офтейк-келісімшарттар жасалды: Үкімет Президенттің тапсырмалары шеңберінде отандық бизнесті қолдауды кеңейтуде
Достарға айту
Президенттің отандық тауар өндірушілерді (ОТӨ) қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындау Үкіметтің басым бағыты болып қала береді. Осы жұмыстар шеңберінде басым тәртіппен сатып алу тізбесін кеңейту жөнінде шаралар қабылдануда және қазақстандық өнімге сұранысты ынталандырудың жаңа тетіктері енгізілуде, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Соңғы жылдары мемлекеттік органдар басым тәртіппен сатып алатын тауарлардың тізбесі 2,7 есеге ұлғайды, бүгінде ол 4,8 мыңнан астам атауды қамтиды. Бұл тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді және отандық компаниялардың өндірістік қуатын арттыруға ықпал етеді.
Бизнеске қаржылық жүктемені азайту үшін қосымша шаралар енгізілді. Мемлекеттік келісімшарттар жасасу кезінде өндірушілерге 30% мөлшерінде міндетті аванс беріледі, шарттың орындалуын қамтамасыз ету талабы жойылды, тұрақсыздық айыбының ставкасы 10%-дан 3%-ға дейін төмендетіледі. Осының арқасында жасалған шарттардың көлемі осы жылдың басынан бері 418 млрд теңгеден асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 51,4%-ға артық.
Отандық кәсіпорындардан өнімді сатып алуға кепілдік беретін офтейк-келісімшарттар айтарлықтай нәтиже беруде. 2024 жылы олардың көлемі 250 млрд теңгеден асса, 2025 жылдың 10 айында 1 трлн 064 млрд теңгеге жетті. Бұған қосымша жобаларды жүзеге асыруды жеделдетуге және әкімшілік кедергілерді қысқартуға мүмкіндік беретін мемлекеттік тапсырыс берушілермен тікелей шарттар жасасу тетігі де жұмыс істеп тұр.
Жыл басынан бері барлығы 2,3 трлн теңге сомасына 1,5 мыңға жуық ұзақ мерзімді шарттар мен офтейктер жасалды. Бұл шаралар импортқа тәуелділікті төмендетуге және ұлттық өндірушілердің позицияларын нығайтуға ықпал етеді.
Қосымша қолдау шаралары жаңа нормативтік шешімдерде де бекітілді. Мәселен, 2025 жылғы 1 шілдеден бастап жер қойнауын пайдаланушылар биржадағы стандартқа келтірілмеген тауарларды сатып алудан шығарылып тасталды. Бұл шешім 450 млрд теңгеден астам қаражатты реттелетін сатып алуларға бағыттауға және отандық компаниялардың осы келісімшарттарға қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік берді. 9 айдың қорытындысы бойынша реттелетін сатып алулардағы елішілік құндылық үлесі 54,4%-ды құрады.
Бұған дейін, 19 мамырда жер қойнауын пайдаланушылар, квазимемлекеттік сектор, табиғи монополиялар мен жүйе құраушы кәсіпорындар сынды ірі тапсырыс берушілердің отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар мен оффтейк-келісімшарттар жасасу міндеттемелерін көздейтін заңға қол қойылған болатын. Сондай-ақ нақты нысаналы көрсеткіштері бар елішілік құндылықты дамыту бағдарламасы бекітілуде.
Сонымен қатар жаңа жылдан бастап Қазақстандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі жұмыс істей бастайды, ол тауарлардың шығу тегін растаудың ашық тетігін қамтамасыз етеді.
Осылайша, қабылданып жатқан шаралар сатып алудағы қазақстандық қамту үлесінің одан әрі өсуі үшін жағдай туғызуға мүмкіндік береді және отандық өндірушілер үшін тұрақты және болжамды өткізу нарығын қалыптастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 09:38 3961
Қазақмыс жаңа акционерге көшу туралы негіздемелік келісімге қол қойылғанын хабарлайды
Сурет: kazakhmys.kz
Достарға айту
Қазақмыс" корпорациясы жаңа акционерге "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-ға бақылау жүргізу құқығын өткізуді көздейтін келісімнің негіздемелік шартына қол қойылғанын хабарлайды.
Келісімге "Қазақмыс" президенті Владимир Ким мен Директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огайдың ортақ шешімі бойынша қол қойылды. Құжатқа қол қою бақылауды тапсыру процесінің басталғанын білдіреді. Таяуда белгіленген рәсім аясында келісім бойынша барлық тиісті іс-шаралар мен міндеттемелер жүзеге асырылып, компанияның үлесін сатып алу-сату келісімшарты жасалады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарының сақталуына ерекше көңіл бөлінеді. Салалық нормаға сәйкес, тау-кен-металлургия секторында компания үлесінің не акциясының иесін ауыстыру үшін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, сонымен қатар Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің арнайы рұқсатын алу талап етіледі.
Сондай-ақ серіктестерін, кредиторларды, миноритарлық қатысушыларды және басқа да мүдделі тараптарды хабардар ету процесі жүргізіледі. Бұл шаралар процестің ашықтығын, дер кезінде ақпараттандыруды және барлық нормативтік талаптарды, оның ішінде компанияның қызметіне қатысатын тұлғалар алдындағы міндеттемелерді сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Қол қойылған құжатқа сәйкес, акционердің ауысуы өндірістік және операциялық процестерге, келісімшарттық міндеттемелерге, қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктеріне және жұмыс орындарының тұрақтылығына әсер етпейді. "Қазақмыстың" қызметі штаттық режимде, ал ағымдағы және перспективалық жобаларды іске асыру - қолданыстағы стратегиялық жоспарға сай жалғасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 09:22 8011
Өнеркәсіпте индустриялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясындағы Үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі - экономиканы әртараптандыру және қайта өңдеуді дамыту. Негізгі мақсат - тек шикізат экспортына бағдарланудан аулақ болып, қосымша құнды, тұрақты жұмыс орындарын, тұрақты экспорттық әлеуетті қамтамасыз ететін жаңа өндірістерді құру, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Бүгінгі таңда 20 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 10,2 трлн теңгеге жуық сомаға ірі индустриялық жобалар портфелі жасақталды. Жобалар шикізат бағасының ауытқуларына тәуелділікті азайтуға және нақты өнеркәсіптік өндірісті дамытуға бағытталған. Олардың ішінде:
ЕвроХим-Қаратау" ЖШС Жамбыл облысында күкірт қышқылы, минералды тыңайтқыштар және индустриялық өнімдерді өндіреді. Инвестиция көлемі - 536 млрд теңге. 1,2 мың жұмыс орны ашылады. Жоспарланған өнім - жылына 800 мың тонна. Келесі жылы іске қосылады.
Түркістан облысындағы "Састөбе химиялық кешені" ЖШС каустикалық сода, ПВХ және ілеспе материалдар шығарады. Инвестиция көлемі - 153,9 млрд теңге. 940 жұмыс орны ашылады. Жылына 100 мың тонна каустикалық сода, 120 мың тонна ПВХ, 200 мың тонна кальций карбиді және 400 мың тонна әк өндіріледі. 2027 жылы іске қосылады.
Qazaq Kalium Ltd" ЖК - БҚО-дағы "Сатимола" кен орнынан калий тұздары бойынша байыту-өндіру кешені. Инвестиция көлемі - 1,2 трлн теңге. 4 000 жұмыс орны ашылады. Жоспарланған өнім - жылына 1,5 млн тонна калий тыңайтқышы. 2027 жылы іске қосылады.
Түркістан облысындағы "Taiqonyr Qyshqyl Zauyty" ЖШС күкірт қышқылы зауыты. Инвестиция көлемі - 113,5 млрд теңге. 274 жұмыс орны орны ашылады. Жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы шығарылады. 2027 жылы іске қосылады.
Қарағанды облысында болат өнімдерінің жаңа түрлерін шығару арқылы "Qarmet" АҚ өндірісін кеңейту. Инвестиция көлемі - 1,6 трлн теңге. 1,9 мың жұмыс орны ашылады. Жоспарланған өнім - жылына 5 миллион тонна болат. Өндіріске қосу мерзімі - 2028 жыл.
ССКӨБ" АҚ-ның Қостанай облысындағы ыстықтай брикеттелген темір өндіретін зауыты (I кезең). Инвестиция көлемі - 920 млрд теңге. 1 мың жұмыс орны ашылады. Өндіріс көлемі - жылына 2 млн тонна. 2028 жылы іске қосылды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының шикізат емес секторға, қосылған құн мен тұрақты жұмыс орындарын беретін жобаларға баса назар аудара отырып, жаңа инвестициялық циклды қалыптастыру жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Үкімет шетелдік инвесторларды өңдеу, металлургия, химия және материалдар өндірісіне тікелей тарту жөніндегі жұмыстарды күшейтті.
Шетелдіктердің қатысуымен шамамен 5,7 трлн теңгеге 20 ірі жобадан тұратын портфель жасақталды, олар бойынша 11 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.
Мұндай жобалардың ең көбі Жамбыл облысында шоғырланған - бес жоба, ал Павлодар облысында - төрт жоба. Инвестиция көлемі бойынша Жамбыл облысы 1,47 трлн теңгеге, Павлодар облысы 1,02 трлн теңгеге, сондай-ақ Қостанай облысы 920 млрд теңгеге ірі жобамен көш бастап тұр.
Салалар бойынша инвестициялар көлемі келесідей:
- түсті металлургия - 1,95 трлн теңге (3 жоба),
- қара металлургия - 1,76 трлн теңге (6 жоба),
- химия өнеркәсібі - 1,71 трлн теңге (6 жоба),
- сондай-ақ құрылыс материалдарын өндіру, ағаш өңдеу және машина жасауда бірқатар жоба жүзеге асуда.
Бұдан басқа, екі елден көп қатысушысы бар 9 көпжақты жоба жүзеге асырылуда, құйылатын қаражат $2,4 млрд шамасында, олар бойынша 2,8 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.
Үкімет оң инвестициялық климатты қамтамасыз ететін бірқатар шара қабылдауда. Квазимемлекеттік сектордағы қаржы тетіктерін тарту арқылы жобаларды қаржыландыруға қолдау көрсетіледі. Мәселен, 2022 жылдан бері "аралас қаржыландыру" қағидатын қоса алғанда, экономиканың түрлі секторларында 116 жобаны жүзеге асыруға 700 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Биыл және алдағы екі жылда іске қосылатын жобалардың есебінен 30 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда", - деді өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков.
Шетелдік инвесторлар үшін жағдайдың жақсаруы, Инвест штабтың жұмысы және негізгі индустриялық аймақтардағы жобалардың нақты жиынтығы қолайлы инвестициялық климат туғызып отыр.
Индустриялық бастамаларға инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және мақсатты түрде қаржыландыру арқылы қолдау көрсетілуде. "Араластыра қаржыландыру" қағидаты мемлекеттік қаражатты нарықтағы қаржымен біріктіруге жол ашып, нәтижесінде салыстырмалы түрде аз бюджеттік инвестициялармен айтарлықтай көп инвестициялар тартуға мүмкіндік туып отыр.
Бұл ретте 2026 жылға арналған бюджетте саланы қолдаудың жаңа құралдары көзделген, мәселен, ҚДБ, өнеркәсіпті дамыту қоры және Qazaqstan Investment Corporation арқылы 30-ға жуық жаңа жобаны қолдау жоспарлануда. Бұл жүздеген миллиард теңге инвестициялар тартуды және шикізаттық емес өнім өндіру көлемінің арттыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ 2026-2028 жылдарға арналған инвестициялық бастамалар қолға алынды, соның ішінде даму институттарының капиталын ұлғайту және жабдықты жаңарту үшін лизингтік қаржыландыру бағдарламасы дайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 15:12 8286
Транзиттік жүктердің көлемі 29,4 млн тоннаға жетті - Көлік министрлігі
Достарға айту
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көлік-транзит саласын дамыту және цифрландыру туралы мәселе қаралды. Онда ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында республика бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ол бүгінгі таңда көлік саласы экономиканың өсу драйверлерінің біріне айналғанын атап өтті. Осы жылдың 10 айында негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Көлік қызметтерінің көлемі 20,7%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 18,4%-ға артты. Ал транзиттік жүктердің көлемі 29,4 млн тоннаға жетті, оның өсу деңгейі 5%-ды құрайды.
Биыл автомобиль жолдары бойынша 13 мың шақырым жол құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Республикалық жолдардың 93%-ы нормативтік-техникалық жағдайға сай. Ішкі шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2027 жылдың соңына дейін 37 өткізу пунктін аяқтау жоспарланып отыр. Автожолдардың тиімділігін арттырудың негізгі факторы - цифрлық шешімдер. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша e-Joldar шеңберінде жолдардың цифрлық төлқұжаттары қалыптастырылады. Бұл болашақта пилотсыз автокөліктерді енгізуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Нұрлан Сауранбаев.
Министр жыл сайын жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып жол диагностикасы жүргізілетінін айтты. Жол төсемін сақтау үшін 220-ға дейін автоматтандырылған өлшеу стансаларын орнату жұмыстары жалғасуда. Бюджетке түсетін салмақты азайту мақсатында Республикалық маңызы бар жолдарда ақылы учаскелер кезең-кезеңімен енгізіледі. Бүгінде ақылы жолдарда енгізілген KazToll жүйесі арқылы 79 млрд теңге жиналды.
Сондай-ақ ол автокөлік саласында жүк тасымалдау көлемі 288 млн тоннаны құрап, алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда 1,7%-ға артқанын хабарлады. Автоматтандырылған өлшеу стансалары заңбұзушылықтарды анықтау көрсеткіші мен бюджетке түсетін кіріс деңгейін 10 есеге арттырды.
Бас прокуратурамен жүргізілген интеграция нәтижесінде осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша айыппұл төлеу қажеттігі туралы 10 мыңнан астам нұсқама ресімделді. Жүктерді автокөлікпен тасымалдау 42 елмен жүзеге асырылады. Былтыр Қытай және Өзбекстанмен шетелдік рұқсат бланкілері қағаз түрінен электрондық форматқа ауыстырылды", - деді министр.
Сондай-ақ биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша әуе көлігімен 13,1 млн жолаушы тасымалданған. Нұрлан Сауранбаев бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 6,5%-ға артық екенін атап өтті. Жүктерді әуе көлігімен тасымалдау кезіндегі негізгі цифрлық құрал - e-Freight жүйесі. Бүгінгі таңда аталған жүйені елдің барлық әуежайлары мен авиакомпаниялары пайдаланып отыр. Бұл IATA халықаралық стандартына сәйкес келеді. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар импорттық және экспорттық кедендік декларация, фитосанитариялық және ветеринариялық бақылау бойынша интеграциялық жұмыстарды пысықтауда. Бұл бизнес-процестерді толық автоматтандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі өсіп келе жатқанын атап өтті. Осы жылдың 10 айында жүктерді тасымалдау көлемі 380,3 млн тоннаны құраған, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғандаі 7,9%-ға артық.
Digital Trade Coridor сияқты саланы цифрландыру бастамалары транзиттік жүк ағынын арттыруға бағытталған. Электрондық декларациялау және бірыңғай терезе арқылы қызмет көрсету кедергілерді жоюға және халықаралық тасымалдаушылардың сенімін арттыруға ықпал етеді. Қазіргі уақытта теміржол саласында 250-ден астам ақпараттық жүйе бар. Саладағы маңызды аспект - цифрлық трансформацияны жүргізу және халықаралық тәжірибені ескере отырып, осы мақсаттағы IT-архитектураны қалыптастыру", - деді ол.
Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы жылдың қазан айында Smart Cargo платформасы іске қосылғанын. Платформа мемлекеттік органдардың сервистерін біріктіреді. Бүгінде мемлекеттік органдардың 30 сервисімен интеграция аяқталды. Платформаны дамыту шеңберінде мемлекеттік және жеке секторлардың тағы да 47 қосымша сервисін интеграциялау жоспарлануда. Соның арқасында бүгінде жүктердің орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік бар. Оған қоса ЖИ-көмекшілер пайда болды. Сондай-ақ қосымша мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі қарастырылған. Шекарадан өту үшін транзиттік декларацияны автоматты түрде шығару қолжетімді болатын "жасыл дәлізді" енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда.
Салаларды цифрлық трансформациялау нәтижесі автожолдардың өткізу қабілетін 20%-ға арттырмақ. Автокөлікпен өткізу пункттерінің өткізу мерзімі шамамен 10 минутты құрайды. Жасанды интеллект технологиясын енгізу пойыздарды құру және жоспарлау уақытын 6 есе азайтып, әуежайларда жүктерді өңдеуді 1 сағатқа дейін қысқартады. Белгіленген бағыттар бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдау көлеміне оң әсерін береді", - деді көлік министрі Нұрлан Сауранбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 17:47 61221
Салық есептілігін ұсынбағаны үшін салынатын айыппұлдар алынып тасталады
Достарға айту
ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов атап өткендей, салық есептілігінің нысандары 30%-ға қысқарды. Сондай-ақ, көлік құралдарына салынатын салық бойынша есептер мен декларациялар ұсыну алынып тасталды. Есептеу жол полициясы органдарының деректері бойынша жүргізіледі, қазір ол жеке тұлғалар бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінен.
Егер міндеттемелер сомасы 1 млн теңгеден аспаса, мүлік салығы мен жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі алынып тасталды.
Сонымен қатар, салық есептілігін ұсынбағаны үшін айыппұл салудан бас тартылды. Бұл әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің нормаларында бекітілген. Егер, мысалы, салық төлеуші есептілікті ұсынуды ұмытып кетсе, айыппұл салынбайды - бұл жағдай нөлдік есеп берілген деп қарастырылады. Кейін салық төлеуші өзі есептік кезең бойынша нақты кірістерін декларациялай алады", - деді спикер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 17:03 67846
Еліміздің ішкі жалпы өнімі алғаш рет 300 миллиард доллардан аспақ - Тоқаев
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлығының лауреаттарын, "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды Inform.kz.
-Бәсекеге қабілетті бизнес- кез келген мемлекеттің тірегі. Биыл Қазақстан экономикасының өсімі 6 пайыздан асады деп болжануда. Бұл- соңғы онжылдағы ең жоғары көрсеткіш. Еліміздің ішкі жалпы өнімі алғаш рет 300 миллиард доллардан аспақ.Өздеріңіз білесіздер, қазір біз инфрақұрылымды дамытуға, экономиканы әртараптандыруға баса мән беріп жатырмыз.Сондықтан Үкімет дайын өнім экспортын арттыру ісімен белсенді түрде айналысуы қажет. Қазіргі таңда бұл салада біраз жетістіктеріміз бар,- деді Президент.
Президент шикізаттық емес экспорт көлемі 2 есеге жуық ұлғайғанын айтты.
- Өңдеу өнеркәсібіндегі қосымша құн көлемі бес жылда 25 пайыздан астам өсті. Бұл - тау-кен саласынан едәуір жоғары көрсеткіш. Соңғы жылдары негізгі капиталға тартылған инвестиция 70 пайызға көбейді. Нақты сектордағы еңбек өнімділігі 40 пайызға артты.Шикізаттық емес экспорт көлемі 2 есеге жуық ұлғайды.
Тауарын шетелге өткізетін кәсіпорындар саны 3 есе көбейді. Соның арқасында бүгінде өнімдеріміз 140 мемлекетке шығарылады. Қазақстан тауарлары әлемдік нарықтан өз орнын алып жатыр деп күмәнсіз айтуға болады. Осы орайда, шағын және орта бизнестің рөлі айрықша екені сөзсіз.
Жалпы, еліміздегі кәсіпкерліктің даму қарқыны- белсенді, бүгінде олардың экономикадағы үлесі 40 пайызға жетті.
Бес жылда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,5 есе артты, алшығарылатын өнім көлемі 2,5 есе көбейді. Елімізде жұмыс істейтін азаматтардың жартысына жуығы, яғни 4,5 миллион адам бизнес саласында еңбек етеді,- деді Мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 15:31 61426
Бизнеске оңай болады: салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шегі қайта қаралды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, сараланған тәсіл қолданылады. Салық берешегін өндіріп алу шегі 6 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін, ал әлеуметтік аударымдар бойынша берешек 1 теңгеден өндіріп алынса, 6 АЕК-ке дейін көтерілді, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінен.
Енді 20 АЕК-ке дейін салық берешегінің пайда болуы туралы хабарлама ғана жіберіледі. 20-дан 45 АЕК-ке дейінгі берешек кезінде - хабарлама жіберіледі, борыш өтелмеген жағдайда салық берешегі сомасына шығыс операциялары тоқтатылады. Берешек 45 АЕК-тен жоғары болған жағдайда - мүлікті тізімдеу және сату қолданылады", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Бұдан басқа, 6 млн теңге дейінгі салық берешегін төлеуге мүлік кепілінсіз ұзарту/бөліп төлеу ұсынылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.12.2025, 10:54Астана Опера мен Масқат Корольдік опера театры мәдени ынтымақтастықты нығайтуда 10.12.2025, 11:02 14031Қазақстан есірткімен және қылмыспен күрес жүргізуде БҰҰ-мен ынтымақтастыққа бейілдігін растады10.12.2025, 16:01 7661Мемлекет басшысы "Qarmet" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады10.12.2025, 09:22 7486Өнеркәсіпте индустриялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылады10.12.2025, 15:04 7421Өскемен арматуралық зауыты КҚК қажеттіліктері үшін жабдықтар шығарады
05.12.2025, 22:59 99046Қазақстан мен Аустрия парламенттік ынтымақтастықты жандандыруға келісті05.12.2025, 16:59 93221Туризм және серіктестік: Қазақстан Финляндияда өз мүмкіндіктерін таныстырды05.12.2025, 21:56 89896АҚШ сарапшылары Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші экономика ретінде сипаттады05.12.2025, 20:48 89436Қазақстан мен Оман арасындағы Үкіметаралық ынтымақтастық нығаюда05.12.2025, 19:42 84946Қазақстан Мадрид үшін Азия бағытындағы негізгі басымдықтарының қатарында
13.11.2025, 17:40 176901Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді13.11.2025, 23:28 175596Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады10.11.2025, 21:56 152116Алматыда бұрынғы президент резиденциясының орнында жаңа саябақ ашылды19.11.2025, 16:26 146641Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146281Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады

