27.03.2023, 09:40 51116

Қызылорда облысында күріш өңдейтін кәсіпорындар бағаны көтеру фактісі бойынша тексерілуде

Жергілікті атқарушы органдар мен ӘКК арасында күрішті 350 теңгеден аспайтын бағамен сату мәселесі қарастырылуда.
Қызылорда облысында күріш өңдейтін кәсіпорындар бағаны көтеру фактісі бойынша тексерілуде
Сурет: Depositphotos
Қызылорда. 27 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті әлеуметтік маңызы зор азық түрлеріне мониторинг және талдау жүргізіп жатыр.

Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, мониторинг барысында басты назар өңірде өндірілетін азық-түліктің өзіндік құнына аударылды.

Департаменттің талдау тобы күріш өндіретін ең ірі 9 кәсіпорынның баға белгілеу жұмыстарына талдау жүргізілді. Оның нәтижесіне сәйкес, Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық өкілдігі 6 күріш өндіретін компанияның бағаны көтеруі қаншалықты негізді екендігін білу үшін тексеру тағайындады.

Өзге кәсіпорындар өңірдің әлеуметтік дүкендерінде саудалау үшін облыстың Тұрақтандыру қорына арналған күріштің килограмын 420-дан 350-ге дейін түсіруге келісті.

Қазіргі таңда әлеуметтік дүкендерде күріштің килограмын 350 теңгеден аспайтын бағада саудалау жұмыстары жергілікті органдар мен "Байқоңыр" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арасында қарастырылып жатыр.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны