16.02.2022, 17:15 24396

Антон Мусин Halyk Bank басқармасынан шығарылды

Шығару туралы шешімді банктің директорлар кеңесі қабылдады.
АЛМАТЫ. 16 АҚПАН - Антон Мусин "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Басқарма құрамынан шығарылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазақстан қор биржасы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ Банкі" АҚ (Алматы) KASE Директорлар кеңесінің 2022 жылдың 10 ақпанындағы шешімімен банктің Басқарма құрамынан Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі – А.Н.Мусин шығарылғаны туралы хабарлады", - делінген Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған хабарламада.

 
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Қазақстан Халық жинақ Банкі" АҚ Басқармасы сегіз адамнан тұрады: Шаяхметова У.Б., Боданов А.Ж., Карпыкова А.С., Кошенов М.У., Мамутов Ж.Ж., Салимов Е.И., Сартаев Д.Ж., Смагулов А.С.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны