19.05.2022, 16:17 20716
Қаржы министрлігі кедендегі заң бұзушылықтан келген миллиардтаған шығынды бюджетке қайтаруға уәде берді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Бүгін Сенатта тілшілер Қаржы министрінен кедендегі заңсыздықтардан мемлекетке келтірілген 165 млрд теңге көлеміндегі шығынға қатысты сұрақ қойды. Сонымен қатар бұл заңсыз әрекеттерге кімдер жауапты екені сұралды.
"Қазір кеденге түсетін салық қаражаты артып келеді. Атап айтқанда, биыл Қаржы министрлігі 165 млрд теңге көлемінде келтірілген шығынды бюджетке қайтаруға барлық күш жігерін салады. Биылғы жоспарымызда оның орнын толығымен толтырамыз", - деді Е. Жамаубаев.
Дегенмен, министр кеден саласындағы заңсыздықтар бойынша кімдер күдікке ілінгенін нақтылап айта алмады.
"Бұл деректерді арнайы комиссия тексерген. Комиссия Бас прокуратураның жетекшілігімен құрылған. Сондықтан осыған қатысты мәселе құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады. Бұл тұрғыда тауарларды әкелген кезде салық немесе баж салығын толығымен төлемеу фактілері тіркелді. Осы орайда сол қаражатты қайтару бөлігінде тиісті жұмыстар жүріп жатыр", - деді ол. "
Көбінесе жалған кәсіпкерлік ұйымдастырылған және бұл фирмалар жабылып қалған. Қазір оларды анықтау жұмыстары атқарылып жатыр", - деді Ерұлан Жамаубаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекеттік кірістер комитеті Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық топтың құрамымен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың, сондай-ақ Қытай Халық Республикасымен шекаралас өткізу пункттерінің қызметіне бірлескен тексеру жүргізді .
"Үш жыл ішіндегі бұзушылықтардың жалпы сомасы - 165 млрд теңге. Бұдан басқа, 398 млрд теңгеге жалған электрондық шот-фактураларды жазып беру белгілері бар. Алдын ала шығын сомасы – 128 млрд теңге. Материалдар қылмыстық іс қозғау мәселесін қарау үшін құқық қорғау органдарына берілді. Сонымен қатар 151 импорттаушының жалған электрондық шот-фактуралар жазып беру белгілері бойынша материалдары қаржы мониторингі агенттігіне жіберілді", - делінген комитет хабарламасында.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
04.09.2026, 16:01 5611
Қытайдың жүк тасымалдайтын әуе компаниясы Астана арқылы жүк тасымалдамақ
Сурет: wikipediakabar.kg
Достарға айту
Қытайдың China Central Longhao компаниясы қыркүйек айынан бастап Boeing 747-400F жүк ұшақтарымен аптасына төрт рет Астана арқылы рейстер орындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды әуе айлағының баспасөз қызметінен.
Әуежай мен әуе компаниясының өкілдері Астанада жүк ұшақтарының техникалық аялдамаларын ұйымдастыру бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықты және әуе тасымалдарын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Жаңа тасымалдаушының келуі әуежайдың жүк бағыттары желісін кеңейтіп қана қоймай, Астананың Қытай, Орталық Азия және өзге де халықаралық нарықтарды байланыстыратын маңызды транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейтуге ықпал етеді.
Естеріңізге сала кетсек, Ақтаудан Ыстанбұлға тікелей рейстер қазан айында қайта жанданады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.09.2026, 15:41 5846
Қазақстанда Салық кодексіне енгізілетін түзетулер әзірленуде
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстанда жеке тұлғаларды қазақстандық провайдерлер арқылы цифрлық активтермен жасалған операциялардан түсетін табыс бойынша жеке табыс салығынан (ЖТС) уақытша босату ұсынылды. Ұлттық экономика министрлігі Салық кодексіне енгізілетін түзетулерді қоғамдық талқылауға шығарды.
Жобаға сәйкес, жеңілдік 2026 жылғы 1 қаңтардан 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Түзетулер инвесторларға қатысты өзгерістерді де қамтыған. Атап айтқанда, "Алтын виза" иелері мен олардың отбасы мүшелері үшін салық салудың жеке тәртібін енгізу, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвесторлары үшін Қазақстан резиденті мәртебесін растайтын құжатқа 7 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алынатын алымды алып тастау ұсынылады.
Сондай-ақ, инвесторларға инфрақұрылым құруға жұмсалған шығындарды салық төлемдері есебінен өтеу ұсынылып отыр.
Бизнес үшін екінші деңгейдегі банктердің факторингтік және форфейтингтік операцияларын қосылған құн салығынан босату ұсынылады. Компаниялардың тауарларды таңбалауға жұмсаған шығындарын нақты шығындардың 150 пайызы мөлшерінде шегерімге жатқызу жоспарланып отыр.
Өзгерістер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге де қатысты болмақ. Қосылған құн салығы бойынша 80 пайыз мөлшеріндегі қосымша есепке жатқызуды біртіндеп азайтып, 2035 жылға қарай бұл тетікті толығымен алып тастау ұсынылады.
Мұнай саласы үшін мұнайдың әлемдік бағасын "Brent минус KEBCO жеңілдігі" формуласы бойынша айқындау тәртібін нақтылау, сондай-ақ тиісті кен орындары бойынша бұрын белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының төмендетілген мөлшерлемелерін қолданудың өтпелі кезеңін сақтау ұсынылады.
Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға қатысты да түзетулер бар. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшылары мен акционерлік қоғамдардың акционерлері өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдана алмайды.
Жоба салықтық әкімшілендіруге, оның ішінде электрондық шот-фактураларды жазып беру, қосылған құн салығын есепке жатқызу және бейрезиденттерге салық салу қағидаларына қатысты өзгерістерді де қарастырады.
Заң жобасы қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Бұған дейін Қазақстанда 2027 жылы айлық есептік көрсеткіш, зейнетақы және ең төменгі күнкөріс деңгейі қалай өзгеретіні хабарланған болптын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.09.2026, 15:30 6041
Астанада "Даму" қорының Ашық есік күні өтті
"Даму" қорының Ашық есік күндері еліміздің барлық өңірінде өтеді
Достарға айту
Астанада "Даму" қорының Ашық есік күні өтіп, іс-шара аясында 180-нен астам кәсіпкерге кеңес берілді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бір алаңда кәсіпкерлер, Қор басшылығы мен мамандары, Астана қаласы әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының, елордалық Мемлекеттік кірістер департаментінің, банктер мен Қор ұсынған консалтингтік компаниялардың өкілдері бас қосты. Кездесудің негізгі тақырыбы бизнесті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы құралдары болды.
Қатысушыларға қолданыстағы қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары таныстырылып, бірыңғай фронт-офис пен мобильді фронт-офистердің жұмысы туралы айтылды. Жалпы бөлімнен кейін қатысушылар жекелей кеңес алып, тиісті даму институтының, банктің немесе мемлекеттік органның өкілдеріне тікелей жүгіне алды.
"Ашық есік күндерін еліміздің барлық өңірінде екінші жыл қатарынан өткізіп келеміз. Біз үшін бұл ең алдымен кәсіпкерлерден тікелей кері байланыс алып, барынша ашық болуға, олардың сұраныстарын тыңдауға және бизнесті бүгін қандай мәселелер толғандыратынын түсінуге мүмкіндік. Сондықтан "Даму" қорының басшылығы мұндай іс-шараларға тікелей қатысып, кәсіпкерлерге жеке кеңес береді. Бұл бізге кәсіпкерлерге қай жерде ақпарат жетіспейтінін көріп, осы олқылықтың орнын жедел толтыруға мүмкіндік береді", - деді "Даму" қорының Басқарма төрағасы Фархат Сарсекееев.
"Даму" қорының Ашық есік күндері еліміздің барлық өңірінде өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.09.2026, 14:12 6311
Базалық мөлшерлеме төмендегеннен кейін қазақстандықтар депозиттерден ақшасын ала бастай ма
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Базалық мөлшерлеме 16,25 пайызға дейін төмендегеннен кейін қазақстандықтар депозиттердегі ақшасын ала бастай ма деген сұраққа Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифингте жауап берді.
"Менің ойымша, қазіргі уақытта депозиттердің оң кірістілігі сақталып отыр (...) Базалық мөлшерлеме және соған сәйкес депозиттік мөлшерлеме нақты оң кірістілікті қамтамасыз ету үшін белгіленеді. Мәселен, инфляция 13 пайыз болған кезде мөлшерлеме 18 пайыз болды", - деді Ұлттық банк төрағасы.
Оның айтуынша, қазір инфляция 9,8 пайызды, ал базалық мөлшерлеме 16,25 пайызды құрайды.
"Депозиттер мөлшерлемеге аздаған кідіріспен ілеседі. Сондықтан өз қаражатының инфляциядан қорғалған-қорғалмағанына қарайтын кез келген адам депозиттердің ақшаның сақталуын да, инфляциядан сәл жоғары кірістілікті де қамтамасыз ететінін байқайтын шығар. Балама инвестицияларды, яғни бағалы қағаздарға, бондтарға, цифрлық қаржы активтеріне инвестиция салуды дамытуға келсек, әрине, біз мұны да қолдаймыз. Экономика тек банктер арқылы ғана қаржыландырылмауы тиіс", - деп толықтырды Тимур Сүлейменов.
Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25 пайызға дейін төмендетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.09.2026, 12:10 7731
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25 пайызға дейін төмендетті
Сурет: instagram/ҚР Ұлттық банкі
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,25 пайыз деңгейінде, +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
"Шешім болжам нәтижелеріне, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен инфляция тәуекелдері балансының жаңартылған бағалауына негізделген", - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.
Ұлттық банктің мәліметінше, тамыз айында жылдық инфляция қарқыны 9,8%-ға дейін баяулады. Дезинфляциялық процес 11 ай қатарынан жалғасып келеді. Азық-түлік инфляциясы 9,5 пайызға дейін төмендеді.
"Негізгі факторлар - жемістер мен көкөністер бағасының айтарлықтай арзандауы, сондай-ақ импорттық бағалардың төмендеуі. Теңге бағамының нығаюы аясында азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясының қарқыны 11,4 пайызға дейін баяулады. Реттелмейтін қызметтер бағасының өсу қарқынының біршама баяулауы есебінен қызмет көрсету саласындағы инфляция 8,9 пайызға дейін төмендеді", - деп мәлімдеді банк өкілдері.
Бұл ретте тамыз айындағы айлық инфляция 0,6 пайызды, маусымдық факторларды есепке алмағанда 0,9 пайызды құрады. Базалық инфляция 0,7 пайыз деңгейінде сақталды.
"Инфляцияның 2026 жылға болжамы өзгерген жоқ: ол 9-11% аралығында болады деп күтіледі. Баға өсімінің баяулауына ұстамды қатаң ақша-кредит шарттары мен теңгенің нық айырбастау бағамы ықпал етеді. Қосымша тежеуші әсерді 2026 жылғы қыркүйекте ең төменгі резервтік талаптарды арттырудың соңғы кезеңі қамтамасыз етеді", - деп хабарлады банктен.
Алайда 2027 жылға арналған болжам 6,5-8,5 пайызға дейін жоғарылау жағына қайта қаралды. Баспасөз қызметінің түсіндіруінше, ұл сыртқы инфляцияның өсуіне, реттелетін бағалар алғышартының қайта қаралуына, сондай-ақ фискалдық серпіннің ұлғаюына негізделген. Бұл ретте ақша-кредит саясатының ұзаққа созылған қатаңдығы инфляциялық қысымды шектей түсіп, бағаның баяу өсуіне ықпал етеді.
"2028 жылы инфляция сыртқы инфляциялық жағдайдың қалыпқа келуіне, фискалдық шоғырлануға, ішкі сұраныстың қалыпқа келуіне және бірқалыпты қатаң ақша-кредит шарттары аясында инфляциялық күтулердің төмендеуіне қарай 5%-дық нысанаға жақын болып тұрақталады", - деп хабарлады Ұлттық банктен.
Сондай-ақ, 2026 жылға ЖІӨ өседі деген болжам базалық сценарийде өзгермей, 4,5-5,5% деңгейінде бағаланады.
"2027 жылы ЖІӨ өсуі 4,5% шегінде қалыптасады. 2028 жылы салалық және жүйелік реформалар іске асырылуына, фискалдық ынталандыруды жоспарлы түрде кеңейтуге және мұнай өндірісі мен экспортының қалпына келуіне байланысты ЖІӨ өсімі 4-5%-ға дейін (бұған дейін 3,5-4,5%) қарқын алады деп күтіледі", - деп толықтырды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.09.2026, 18:05 16451
Қазақстан алғаш рет Қырғызстанға мұнай транзитін бастады
Сурет: КазТрансОйл
Достарға айту
"ҚазТрансОйл" АҚ алғаш рет Қазақстан аумағы арқылы Қырғызстанға мұнайдың транзиттік тасымалын бастады. Тамыз айында жаңа бағыт бойынша 35 мың тонна мұнай тасымалданды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
Алғашқы партия 2026 жылғы 15 тамызда жөнелтілді.
Қырғыз Республикасы бағытындағы мұнай тасымалы «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы «Шағыр» мұнай құю пунктіне дейін жүзеге асырылады. Аталған пунктте мұнай теміржол цистерналарына құйылады.
Жаңа бағыт Қазақстан аумағы арқылы мұнай транзитінің мүмкіндіктерін кеңейтіп, "ҚазТрансОйл" ұсынатын қызметтер тізімін толықтырады.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда мұнай өңдеу көлемін 40 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.09.2026, 09:16 18631
Қазақстан алғашқы АЭС салуға келісімшарт жасасты
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан алғашқы атом электр станциясын жобалау, жабдықтау және салу жөніндегі келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі.
Құжат Владивостокта өткен XI Шығыс экономикалық форумы аясында жасалды.
Құжатқа «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС мен «Росатом» мемлекеттік атом энергиясы корпорациясының еншілес кәсіпорны – «Атомстройэкспорт» АҚ арасында қол қойылды.
Келісімшартқа қол қою рәсімі Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёвтың қатысуымен өтті.
Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің мәліметінше, келісімшартқа қол қою Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы жобасының жаңа практикалық кезеңге өткенін білдіреді.
2026 жылдың 28 мамырындағы үкіметаралық келісімге сәйкес тараптар көзделген рәсімдерден өтуі, соның ішінде Қазақстан Үкіметінің қажетті келісімін алуы тиіс.
Ведомство ел экономикасы, өнеркәсіп, инфрақұрылым, цифрландыру және жасанды интеллект дамыған сайын сенімді электр энергиясына деген қажеттілік арта түсетінін атап өтті. Атом энергетикасы алдағы онжылдықтар бойы тұрақты базалық электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Станция құрылысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін нығайтуға, өнеркәсіптік және технологиялық әлеуетін дамытуға, кадрлық резерв қалыптастыруға және елдің технологиялық егемендігін нығайтуға бағытталған ұзақ мерзімді саясатының маңызды бөлігі болып табылады.
Сондай-ақ, бұл бастама жаңа өндірістер мен технологияларды дамытуға, сондай-ақ атом саласына мамандар даярлауға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.09.2026, 15:58 24251
Қазақстанда электр энергиясының тарифтеріне өзгерту енгізіледі
Достарға айту
Қазақстанның Энергетика министрлігі электр энергиясының шекті тарифтеріне енгізілетін өзгерістерді әзірледі. Өзгерістер энергия өндіруші 60 ұйымға қатысты болмақ, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Ведомство тарифтерді қайта қарау тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету және генерациялайтын қуаттарды жаңғырту үшін қажет екендігін атап өтті. Шешім жөндеу науқандарын уақтылы өткізу, сондай-ақ жабдықтардың сенімділігін жаңарту мен ұстап тұру бойынша ұзақ мерзімді бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті қаржылық жағдайларды жасауға бағытталған.
Құжат жобасы қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Талқылау 6 қыркүйекке дейін жалғаспақ.
Бұған дейін Алматы мен Алматы облысында электр энергиясы қымбаттауы мүмкін екені белгілі болды.
Қазақстанда жылу желілерін жаңғыртуға 1,3 трлн теңге тарту жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
04.09.2026, 10:08Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды 04.09.2026, 09:09 17566Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды04.09.2026, 14:05 12176Тоқаев Қазақстан мәдениетін шетелде насихаттаудың маңыздылығын атап өтті04.09.2026, 16:22 7886Тоқаев экология министріне қалдықтарды қайта өңдеу және ормандарды қалпына келтіру міндеттерін жүктеді04.09.2026, 12:10 7791Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25 пайызға дейін төмендетті
31.08.2026, 17:19 46346Тоқаев жұмыс сапарымен Бішкекке барды31.08.2026, 17:04 44281Тоқаев Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісін тағайындады31.08.2026, 16:22 41226Гуанчжоуда өткен ауқымды көрмеде қазақстандық кітаптар таныстырылды03.09.2026, 16:36 40961Қазақстан мен Лаос елдерінің СІМ саяси консультациялар туралы меморандумға қол қойды29.08.2026, 09:38 40286Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қазақстан әлемді ядролық сынақтардан бас тартуға шақырды
06.08.2026, 15:56 74171Қазақстанда шетелдік танымал тұлғалар бейнеленген саяси үдерістерге қатысты фейктердің жаңа толқыны анықталды06.08.2026, 13:30 7394116 тамыздан бастап ҮАААЖ-мен жүру құны екі есе қымбаттайды06.08.2026, 16:21 73641Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты06.08.2026, 17:55 71776СҚО ауылдарын сумен қамтуға қайтарылған активтер есебінен 2,7 млрд теңге бөлді15.08.2026, 15:26 62441Израильде Қазақстандағы конституциялық реформа мен сайлау мәселесі талқыланды

