29.06.2022, 16:54 20086

Қазақстанда автогазға бөлшек сауда бағаларын мемлекеттік реттеу ұзартылмақ

Қазақстанда автогазға бөлшек сауда бағаларын мемлекеттік реттеу ұзартылмақ
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 29 МАУСЫМ - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізу туралы" бұйрыққа түзетулер жобасын дайындады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасы бойынша, өңірге байланысты литріне 50 теңгеден 70 теңгеге дейінгі шекті бағаларды белгілей отырып, автогаз құю станцияларынан сұйытылған мұнай газын (СМГ) бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілді. Бұйрықтың қолданылу мерзімі 2022 жылғы шілдеде аяқталады.
 
СМГ нарығының бөлшек сегментінде еркін баға белгілеу жағдайында бағаның күрт өсу және қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің пайда болу қаупі бар.
 

Осыған байланысты, (...) БҚДА бұйрығының жобасында автогаз құю станцияларынан СМГ-ны бөлшек саудада өткізуге бағалық реттеуді ағымдағы жылдың соңына дейін ұзарту ұсынылады", - делінген құжатқа түсіндірме жазбада.

 
Осы мақсаттар үшін, Үкіметтің 2022 жылғы 28 маусымдағы ұсынысы бойынша, Парламент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік бағалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң қабылдады, онда уақытша мемлекеттік бағалық реттеуді қолданудың жалпы мерзімі кодекстің 119-бабынан алынып тасталды (Заңның 2-бабына сәйкес бұл норма 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі). Қазіргі уақытта заң Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.
 
Құжат жобасы "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны