Система Orphus

Қазақстанда ҚҚС есептеу әдісінің мерзімі ұзартылды

28.01.2022, 18:01 17491
Қазақстанда ҚҚС есептеу әдісінің мерзімі ұзартылды
НҰР-СҰЛТАН. 28 ҚАҢТАР - 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап есепке алу әдісімен импортқа салынатын қосылған құн салығын төлеуге кейбір тауар түрлері бойынша жеңілдік алынып тасталды. Ал тізбеде қалған басқа тауарлар бойынша салық жеңілдігі 2025 жылға дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Осылайша, ҚР МКК ақпараты бойынша, қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төленетін Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар тізбесінен:
 
1) пестицидтер;
 
2) асыл тұқымды малдардың барлық түрлері мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар;
 
3) тірі ірі қара мал алынып тасталған.
 

Сондай-ақ, Салық кодексінің 427 және 428-баптарының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылғанын ескеру қажет", - деп атап өтті ведомствода.

 
Аталған өзгерістер Салық кодексінің 427 және 428-баптарына, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 4) тармақшасына енгізілген.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны