22.10.2021, 19:43 73748

Қазақстанда тауарлардың транзиті кезінде автокөлікті электронды кедендік сүйемелдеу енгізілді

Бұл шара шекарадан өту уақытын қысқартады және "ашықтық" және заңнама талаптарын сақтау қағидаттарында бизнес құратын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қаржылық шығындарды айтарлықтай азайтады.
НҰР-СҰЛТАН. 22 ҚАЗАН - Электрондық кедендік сүйемелдеу тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынымдары негізінде және "жасыл" аймақта орналасқан қазақстандық импорттаушылардың мекенжайына әкелінетін болады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 "Жасыл" аймақтың импорттаушыларына "Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №1241 бұйрығына енгізілген салық төлеушілер жатады.
 

Электронды кедендік сүйемелдеу транзит кезіндегі кедендік операцияларды барынша оңайлатады, шекарадан өту уақытын қысқартады және "ашықтық" және заңнама талаптарын сақтау қағидаттарында бизнес құратын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қаржылық шығындарды айтарлықтай азайтады. Көрсетілген шараларды енгізу "Көлік құралдарын электрондық кедендік сүйемелдеуді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №407 бұйрық негізінде мүмкін болды", - деп түсіндірді ведомствода.

 
Осылайша, тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде іріктелген және электрондық кедендік алып жүру жүйесін таңдаған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тиісті кеден органына және "Silk Way monitoring" ЖШС (www.swm.kz) айқындалған навигациялық пломбаларды қадағалау жөніндегі операторға жүгіне алады.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, электрондық кедендік сүйемелдеу автокөлік құралдарының жүк бөліктеріне навигациялық пломбаларды ілу және көлік құралының жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейінгі қозғалысын қашықтықтан қадағалау арқылы жүзеге асырылатын болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны