16.05.2022, 16:57 13161
Қазақстанда жеңілдікпен автонесиелеуге өтінімдер қабылдау басталды
Сурет: Бейнеден кадр
Достарға айту
НҰР-СҰЛТАН. 16 МАМЫР - 4 пайыздық автонесиеге өтінім қабылдау бүгін сағат 14:00-де басталды.
Бұл жайында аталған мәселеге арналған брифинг барысында белгілі болды. БАҚ өкілдері елдегі автосалондарда 4 пайыздық несие алу үшін келген адамдардың ұзынсонар кезегі қалыптасқанын айтып, неге өтінімдер қабылданбай жатқанын сұрады.
Өтінімдерді қабылдау бүгін сағат 14:00-де басталады. Бірінші болып "Центр Кредит" банкі қабылдап бастайды. Қазіргі таңда 4 банк мақұлдаудан өткенін айттық. Қазір корпоративтік процедуралар өтіп жатыр. Келісімшарттардың мақұлдаудан өткеніне қарай біз несиенің ақшасын банктерге береміз. Басқа бірнеше банктің өтініші қаралып жатыр. Қосымша банктер қосылып жатса, хабарлаймыз, ақпаратын сайтқа жариялаймыз. Яғни бағдарлама бастау алды, күндізгі сағат 14.00-де "Центр Кредит" банкі өтінім қабылдап бастайды", - деді "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акицонерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров.
Ал "Центр Кредит" банкінің өкілі Гүлжаһан Хамитованың айтуынша, қазірге банк бөлімшелерінің есігін күзетудің қажеті жоқ.
Бүгін сағат 14.00-де тек автосалондарға жүгінулеріңізді сұраймын. Ол автосалондарда банк қызметшілері бар. Өтінімді солар қабылдайды. Банк бөлімшелерінде өтінім қабылданбайды", - деді банк өкілі.
Ал "Форте банктің" 4 пайыздық автонесие бойынша өтінім қашан қабылдай бастайтыны әзірге белгісіз.
Жуық арада қабылдай бастаймыз деп үміттенемін. Ресми мәлімет банк сайтында жарияланады. Біз өтінімдерді банк бөлімшелерінде қабылдаймыз", - деді банк өкілі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жеңілдетілген несие беру бағдарламасының басталуы ҚР автосалондарында дүрлікпе тудырды.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
01.02.2023, 13:28 3851
Қазақстанда инфляция қайтадан жеделдеді
Достарға айту
Көкөністер айтарлықтай қымбаттады, сондай-ақ күріш, жарма, балық, сүт, ірімшік және басқа да өнімдердің бағасы өсті
Астана. 1 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда бір айлық мәнде тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы қаңтарда 1,1% құрады. Өткен айда азық-түлік тауарлары - 1,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,9%, ақылы қызметтер 0,7% өсті, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.
Азық-түлік тауарлары арасында көкөніс бағасы айтарлықтай өскен.
Қаңтарда қияр - 22,4%, пияз - 16,7%, қызанақ - 8,8%, тәтті бұрыш 6,5% қымбаттады", - деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Бағаның өсуі күрішке - 2,9%, ұнтақ жармасына, жаңа ауланған немесе салқындатылған балыққа - 1,8%-дан, қара бидай-бидай нанына, жұмыртқаға - 1,7%-дан, сұлы жармасына, шошқа етіне, айранға - әрқайсысына 1,6%-дан, сондай-ақ тауықтың төс етіне, сүтке, тұзды iрiмшiкке, жемістерге, ауыз суға да әрқайсысына 1,4%-дан тіркелді. Құмшекер 1,9% арзандады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде қаңтарда бағаның ең көп өсуі жуу және тазалау құралдарына байқалды. Мәселен, өткен аймен салыстырғанда кір жуғыш ұнтақ - 3,9%, ағартқыштар - 3,5%, ыдыс жууға арналған құралдар - 3%, кір сабын 2,7% өсті. Тұрмыстық техника бағасы, керісінше, түсті, мәселен, шаңсорғыш - 1,6%, қысқа толқынды пеш - 1,3%, ас үй плитасы 1,1% арзандады", - делінген ақпаратта.
Статистика бюросының мәліметі бойынша, өткен айда ақылы қызметтердің бағасы 0,7% өсті. Бағалардың өсуі нотариус қызметтеріне - 12,6%, күндізгі стационарда емделу - 5,2%, жерлеу бойынша ритуалды қызметке - 4,7%, стоматологиялық қызметтерге 2,5% байқалды.
Коммуналдық қызметтер бойынша, қоқыс шығару тарифтері - 2,8%, тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған төлем - 1%, орталықтан жылыту 0,8% өсті, ал тарифтің төмендеуі - су бұру қызметіне байқалды - 0,2%.
Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Ақтөбе облысында - 1,7% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төменгі - 0,7% Алматы облысында тіркелді. Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларына ең жоғары өсім Астана және Шымкент қалаларында - әрқайсысы 2,2%-дан, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша - Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарында әрбіреуінде 1,4%-дан, ақылы қызметтер бойынша ең жоғары өсім Ақтөбе облысында - 2,8%.
2023 жылғы қаңтарда жылдық мәнде инфляция деңгейі 20,7% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 25,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 20,2%, ақылы қызметтер 14,2% өсті.
2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда кір сабын - 88,5%, кеңсе тауарлары - 71,4%, пияз - 62,4%, қант - 60,9%, қияр - 55,6%, консервіленген сүт - 46,4%, ұн - 42,8%, макарон өнімдері 42,3% қымбаттады. Жылдық мәнде, керісінше, ақ қауынды қырыққабат арзандады - 26,5%", - делінген ақпаратта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.02.2023, 13:05 4031
Ұлттық банк басшысы Президентке Қазақстан экономикасындағы ахуал туралы баяндады
Мемлекет басшысына Ұлттық банктің биыл қаңтарда жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берілді
Достарға айту
Астана. 1 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысына Ұлттық банктің биыл қаңтарда жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берілді.
Ғалымжан Пірматов Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы, іскерлік белсенділік, инфляция факторлары мен оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ БЖЗҚ, Ұлттық қор және алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы баяндады.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді іске асырудың және валюта нарығын одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.02.2023, 12:34 4341
Авиаотынға монополиялық жоғары баға белгілегені үшін Қарағанды әуежайынан 80 млн теңгеден астам теңге өндірілді
"Сары-Арқа" әуежайы" АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 240 000 теңге мөлшерінде монополиялық табысы тәркіленіп, 31 104 912 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды
Достарға айту
Қарағанды. 1 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша "Сары-Арқа" әуежайы" АҚ-на қатысты 2018-2019 жылдары ішкі әуе желілері бойынша авиаЖЖМ-ге монополиялық жоғары баға белгілеу анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, деп хабарлайды ҚР БҚДА баспасөз қызметі.
Сол себепті, Қарағанды қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен "Сары-Арқа" әуежайы" АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 240 000 теңге мөлшерінде монополиялық табысы тәркіленіп, 31 104 912 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген соң, әуежай 50 240 000 теңге мөлшерінде монополиялық табысты төледі. Соттың ұйғарымы бойынша әкімшілік айыппұл бөліп төленді", - деп хабарлады ведомствода.
Осылайша, мемлекет кірісіне жалпы сомасы 81 344 912 теңгеге айыппұл өндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.02.2023, 11:47 4516
Экология экс-министрі Брекешев ҚМГ төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды
Ол газ жобаларын дамытуға жетекшілік етеді
Сурет: ortcom.kz
Достарға айту
Астана. 1 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Бұрынғы экология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры.
Серікқали Брекешев "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ол газ жобаларын дамытуға жетекшілік етеді.
Еске салсақ, С. Брекешев 2021 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың қаңтарына дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарды.
Әр жылдары Техникалық саясат департаментінің директоры, "ҚазТрансГаз" АҚ-да ресурстық базаны және техникалық саясатты дамыту жөніндегі бас директордың орынбасары;
ҚР Мұнай және газ министрлігінде газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры;
Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-да және "Қарақұдықмұнай" ЖАҚ-да инженерлік-техникалық позицияларды иеленді.
Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген.
1995 жылы Атырау политехникалық институтын "мұнай және газ кен орындарын игеру" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарда экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне Зүлфия Сүлейменова тағайындалды.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.02.2023, 11:36 4651
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Пилоттық платформаның алғашқы іске қосылуында 761-ге дейін өтініш беруші тіркеле алады
Астана. 1 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау платформасы іске қосылады. Бұл туралы "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ басқарушы директоры Ғалымжан Әди айтты.
Биылғы 6 ақпанда "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ ("Қазақстанның Даму Банкі" АҚ еншілес ұйымы) көлік алуға жеңілдікпен пайызы төмен несие беру бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау үшін пилоттық платформаны іске қосады", - деді Ғалымжан Әди елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Өтінімдерді қабылдау Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де www.autonesie.kz ресми сайты арқылы жүргізіледі. Осы орайда өтінім беру үшін компьютер арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны енгізіп, қосылуға болады. Платформада тек Қазақстан Республикасының аумағында тіркелуге мүмкіндік бар.
Сайтта өтінім берген кезде өтініш берушінің деректері автоматты түрде ЭЦҚ арқылы қалыптасады. Өтініш беруші міндетті түрде телефон нөмірін енгізіп, автокөлік өндіруші компанияны таңдап, өтінімге қол қояды. Өтінімнің тіркелуі барысы сайттағы "жеке кабинет" арқылы тексеріледі", - делінген аталған қордың мәліметінде.
Қазіргі кезде "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-да жинақталған қаражат сомасы 7,6 млрд теңгеге жетті. Осы орайда пилоттық платформа келесі аптада іске қосылған кезде 761 адам тіркеле алады. Яғни 761 адам толық тіркелса, платформада өтінім қабылдау автоматты түрде тоқтайды.
Кейін аталған платформада өтінім қабылдау ай сайын жүргізіледі және 100-ден астам адамды тіркеуге мүмкіндік береді", - деп аталып өткен таратылған хабарламада.
Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасы бойынша бұрынғы шарттар өзгеріссіз қалды:
- бір автокөліктің құны 15 млн теңгеден аспайды;
- қаржыландыру сомасы 10 млн теңгеден артық емес;
- қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды;
- бастапқы жарна - 0 пайыз.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.02.2023, 10:39 5456
Қаңтар айында теңге бір доллар үшін 460,52 теңгеге дейін нығайды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қаңтарда Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ
Астана. 1 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қаңтар айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 460,52 теңгеге дейін 0,5%-ға нығайды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың бір күндегі орташа көлемі бір айда 141-ден 103 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,1 млрд АҚШ долларын құрады. Бір ай ішінде валюта нарығы сұраныс пен ұсыныс тұрғысынан теңгерімді болды, айырбастау бағамы нарықтық жағдайларға байланысты қалыптасты.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы өткен айда шамамен 453 млн АҚШ долларын құрады. Квазимемлекеттік сектор компаниялары екінші деңгейлі банктер арқылы валюта нарығында сатуды өз алдына дербес жүргізді.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату қаңтарда 228 млн АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінен 11,1% болды және бір күнде 12 млн АҚШ долларынан аспады. Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде Ұлттық Банк нарықтық бейтараптық қағидатын сақтайды, бұл - шетел валютасын тұрақты әрі біркелкі сату дегенді білдіреді. Мұндай тәжірибе валюта нарығына Ұлттық Қор операцияларының әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді", - деп хабарлады Ұлттық Банк.
Бұдан басқа, БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында Ұлттық Банк қаңтарда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жүзеге асырды, оның жалпы сомасы 120 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінен шамамен 5,8%-ды құрады.
Қаңтарда Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, бір жыл ішінде теңге бағамы долларға қатысты 7,1%-ға әлсіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.01.2023, 13:35 12441
Қазақстанның төлем балансының ағымдағы шоты 6,3 млрд АҚШ доллар көлемінде профицитпен қалыптасты
Ағымдағы шоттың терістен оң аймаққа өтуі сауда балансының жақсаруымен байланысты
Достарға айту
Астана. 31 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Ұлттық Банкі 2022 жылдың қорытындысы бойынша төлем балансының алдын ала бағалауын қалыптастырды. Төлем балансының ағымдағы шоты 6,3 млрд АҚШ доллар көлемінде профицитпен қалыптасты. 2021 жылдың қорытындысы бойынша, 7,9 млрд АҚШ доллары мөлшерінде тапшылық байқалды.
Ағымдағы шоттың терістен оң аймаққа өтуі сауда балансының жақсаруымен байланысты, оның профициті - 35,1 млрд АҚШ доллары. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,4 млрд АҚШ долларға (87,3%) айтарлықтай жақсарды. Профициттің өсуі тауар экспортының импорттан асып түсетін өсу қарқынымен қамтамасыз етіледі", - деп атап өтті Ұлттық Банкте.
Тауар экспорты өткен жылмен салыстырғанда 40,7%-ға өсіп, 84,8 млрд АҚШ долларына жетті. Тауар экспорты тұрақты сыртқы сұраныспен және шикізатқа, атап айтқанда, мұнайға деген әлемдік бағаның жоғары деңгейімен қамтамасыз етілді. Сондықтан, мұнай экспорты мен газ конденсаты 50,9%-ға өсіп, 46,9 млрд АҚШ долларын құрады.
Тауар импорты, өз кезегінде, аралық (19,5%-ға немесе 3,9 млрд. АҚШ доллары) және азық-түлікке жатпайтын тұтыну тауарлары (33,0%-ға немесе 2,9 млрд. доллар) импортының ұлғаюы есебінен 19,6%-ға өсіп, 49,7 млрд АҚШ долларына жетті.
Тікелей шетелдік инвесторлардың кірісі де есепті кезеңде 15,1%-ға (немесе 3,4 млрд АҚШ долларына) өсіп, 26,3 млрд долларды құрады. Тұтастай алғанда, тауар экспортының өсуі шетелдік инвесторларға кіріс төлемдерінің ұлғаюымен қатар жүреді.
Қаржы шотында (резервтік активтерді қоспағанда) 7,0 млрд АҚШ доллары көлемінде оң сальдоның қалыптасуы - сыртқы активтердің ұлғаюын және резиденттерге тән сыртқы міндеттемелердің төмендеуін білдіреді (2021 жылы 2,4 млрд АҚШ доллары көлемінде таза кіріс байқалды). Қаржы шотының оң сальдосы, негізінен, мемлекеттік сектордың операцияларымен қамтамасыз етіледі.
Резервтік активтер (Ұлттық қордың активтерін қоспағанда) 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 35,1 млрд АҚШ долларына бағаланды. Бұл қазақстандық тауарлар мен қызметтер импортының 7,2 айындағы қаржыландыру қажеттілігін жабады", - деп атап өтті Ұлттық Банкте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.01.2023, 11:58 12731
Биыл көктемнен бастап Екібастұз және Риддер тұрғындары үшін жылу тарифі басқа өңірлерге қарағанда жоғары болады - Қуантыров
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Тариф саясаты әр кәсіпорынның жеке жағдайына байланысты белгіленбек
Астана. 31 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет кулуарында коммуналдық тарифтерді мейлінше баяу көтеруді жоспарлап отырғанын айтты.
"Былтырғы коммуналдық коллапстан кейін кейін тариф бойынша түсінікті сандар пайда болды ма? Екібастұз, Риддер сияқты қалалар қандай тарифпен төлем жасай бастайды?" деп сұрады БАҚ өкілдері.
Министрдің айтуынша, тариф саясаты әр кәсіпорынның жеке жағдайына байланысты белгіленбек.
Мен бұл туралы бірнеше рет айттым, иә белгілі бір өсім болды. Бұл нақты табиғи монополия субьектісіне байланысты болады. Яғни, халыққа қызмет көрсететін, қуат көзін ұсынатын немесе қуат көзін алатын ұйымға байланысты. Желілердің тозу көрсеткішіне де байланысты болады. Мысалы, Екібастұз жылу электр орталығы өтінім берді. Олар тарифті бір мезетте 107 пайыз көтеруді сұрады. Біз ондай қадамға бара алмаймыз, оны өздеріне ашып айттық. Өсім бұдан 4 есе кем болатын шығар. Олармен бірге шамамен осылай жұмыс істеп жатырмыз. Біріншіден, Екібастұз жылу электр орталығының иесі де жауапкершілікті арқалауы керек - инвестиция салуға тиіс. Шығынның бір бөлігі бюджетке, бір бөлігі тұрғындарға түседі. Әділетті тәсіл болу керек. Сонда өсім баяу жүреді", - деді ол.
Министр жылу жүйесіндегі проблемасы қайта-қайта сыр беріп жатқан Екібастұз бен Риддердің жағдайына жеке тоқталды.
Екібастұзда жүйе мүлдем тозып біткен. Ең үлкен өсім сол жақта жоспарланған. Екі еседен жоғары болады. Бірақ біз оны басқа механизмдер арқылы тежеуді жоспарлап отырмыз Екібастұз бен Риддерде өсімді баяу жүргізгіміз келеді. Мысалы жылудың жаңа тарифі бұл қалалалардың тұрғындарына наурыз айында сезіледі. Сәуірде наурыз айының түбіртегі келеді. Ол кезде күн жылына бастаған соң жылу аз тұтынылады. Сәйкесінше тарифтің өскенін наурыз айы мен сәуірдің жартысында ғана сезінеді. Одан кейін өсімді келер қыста бір-ақ сезінуі керек. Жылуға төленетін бірінші түбіртек қараша айында келеді. Тарифтің өсімін тұрғындар сәуірде сезінеді сонда", - деді Әлібек Қуантыров.
Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысының әкімі Екібастұздағы жылу энергиясы үшін төлемді қайта есептеуді қайта қарауды тапсырды.
2022 жылғы 27 қарашада Екібастұз ЖЭО-да болған ірі апат қала тұрғындарын 30 градус аязда жылусыз қалдырды. Тұрғын үйлер, сондай-ақ әлеуметтік нысандар: мектептер, балабақшалар мен ауруханалар жылытудан ажыратылды. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Әлеуметтік орталықтардың кейбір балалары мен аурухананың кейбір пациенттерін эвакуациялауға тура келді. Балабақшалар жұмысын тоқтатты, ал оқушылар уақытша қашықтықтан оқытуға ауыстырылды. Қалада жылумен жабдықтаудың берілетін параметрлерін тұрақтандыру және жылу желілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасуда.
Өткен жылдың қараша айында Риддер ЖЭО апатына байланысты 22 мыңнан астам абонент жылусыз қалды. ТЖ режимі енгізілді. Қаланың ЖЭО-да кезекті апат ағымдағы жылдың қаңтар айының басында орын алды. Содан кейін багер станциясы су астында қалды.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның жылу-энергетика саласындағы негізгі қорлардың жалпы тозу деңгейі 71,8% құрайды.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
01.02.2023, 09:58Антикор: Семей кәсіпкерлеріне жылу жүйесіне қосылудан заңсыз бас тартылды 01.02.2023, 10:39 5036Қаңтар айында теңге бір доллар үшін 460,52 теңгеге дейін нығайды01.02.2023, 11:36 4231Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады01.02.2023, 11:47 4096Экология экс-министрі Брекешев ҚМГ төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды01.02.2023, 12:34 3921Авиаотынға монополиялық жоғары баға белгілегені үшін Қарағанды әуежайынан 80 млн теңгеден астам теңге өндірілді
26.01.2023, 11:42 57521Алматының Әуезов ауданындағы су құбыры және кәріз желілерінің тозуы 80%-дан асады26.01.2023, 13:29 57161Теміртауда ЖЭО-2-де қазандық қондырғылары жөндеу жұмыстарына тоқтатылды26.01.2023, 09:18 56936Экология министрлігі 1815 киік атуға рұқсат бермекші27.01.2023, 13:52 54831Жағдай халықаралық мәртебеге сәйкес келмейді - Смайылов әуежай құрылысының ұзаққа созылғаны үшін Шымкент басшылығына сөгіс жариялады27.01.2023, 13:36 54781Қазақстанда медициналық бұйымдарды тіркеу қағидалары өзгереді
12.01.2023, 12:02 63751Назарбаев құрметті сенатор атағынан айырылды12.01.2023, 13:34 63506Қазақстанда 23 қаңтардан бастап шетелдік автомобильдерді заңдастыру басталады12.01.2023, 12:49 62346ҚР-да колледж студенттеріне демалыс уақытында жол ақысы растайтын құжаттарсыз төленетін болды26.01.2023, 11:42 57521Алматының Әуезов ауданындағы су құбыры және кәріз желілерінің тозуы 80%-дан асады26.01.2023, 13:29 57161Теміртауда ЖЭО-2-де қазандық қондырғылары жөндеу жұмыстарына тоқтатылды