17.01.2023, 16:17 28576

Қазақстанда жылдық инфляция жеделдеді - Ұлттық Банк

Қазақстанда жылдық инфляция жеделдеді - Ұлттық Банк
Сурет: Depositphotos
2022 жылдың желтоқсан айында елде жылдық инфляция 20,3%-ды құрады

Астана. 17 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 2022 жылғы желтоқсанда Қазақстанда жылдық инфляция жеделдеп, 20,3%-ды (қарашада - 19,6%) құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкі Ақша-кредит саясаты департаментініңнақты сектор мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осипов.
 

2022 жылдың желтоқсан айында елде жылдық инфляция 20,3%-ды құрап (қарашада - 19,6%), жеделдеді. Аймақтар бойынша инфляция 19 өңірде қарқын алып, 1 өңірде (Алматы облысы) баяулады. Жылдық инфляцияның ең көп мәні Маңғыстау облысында, Астана қаласында және Ақмола облысында тіркелді", - делінген Ұлттық банк өкілінің түсініктемесінде.

 
Желтоқсанда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 25,3%-ға дейін (қарашада - 24,1%) өсті. Осы топтағы тауарлардың бағасы Маңғыстау облысында (31,6%) мейілінше жоғары, ал Алматы облысында әлдеқайда баяу өсті (23,6%).
 
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 19,4%-ға дейін жеделдеді (қарашада - 18,6%). Ең жоғары мән Астана қаласында (30,5%), ең төменгі мән Алматы облысында (15,3%) тіркелді.
 
Желтоқсанда ақылы көрсетілетін қызметтердің бағасы ж/ж 14,1% деңгейіндегі мәнін сақтап қалды. Бұл ретте жалпы республикалық деңгейден жоғары өскен баға Маңғыстау облысында (17,8%), баяу өскен баға Түркістан облысында (11,4%) байқалды.
 
2022 жылғы желтоқсанда елде айлық инфляция 1,2%-ды құрады, бұл соңғы 5 жылда (2017-2021 жылдары: 0,7%) желтоқсандағы инфляцияның орташа мәнінен біршама жоғары.
 
Бұған дейін бір жыл ішінде теңге бағамы долларға қатысты 7,1%-ға әлсірегені хабарланған болатын.
 
Инфляцияның өсуіне қарамастан, қаңтарда Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде сақтап қалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны