01.11.2021, 19:28 36573

ҚазМұнайГаз бен неміс Linde Қазақстанда аммиак пен сутегі өндіру туралы келісті

Тараптар ынтымақтастық және Қазақстанда таза энергетика саласындағы жобаларды бірлесіп әзірлеу жөнінде келісті.
НҰР-СҰЛТАН. 1 ҚАРАША - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ және Linde технологиялық компаниясы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Тараптар ынтымақтастық және Қазақстанда таза энергетика саласындағы жобаларды бірлесіп әзірлеу жөнінде келісті. Ынтымақтастықтың бірінші кезеңі аясында шикізат түрінде табиғи газды ("көгілдір" сутегі және "көгілдір" аммиак) және/немесе су электролизін (жасыл немесе көгілдір сутегі және "жасыл" немесе "көгілдір" сутегі) пайдалану арқылы сутегі мен аммиак өндіру мүмкіндігі зерделенеді", - деді ҚМГ баспасөз қызметінде.

 
Техникалық-экономикалық негіздеме жүргізіліп, уағдаластықтар өз жемісін бергеннен кейін Қазақстан аумағында "жасыл" сутегі мен "жасыл" аммиак өндірісі жобасын іске асыру жоспарланып отыр.
 
Компанияның айтуынша, Linde энергетиканың таза технологиялары және өнеркәсіптік газдардың дәстүрлі технологиялары саласында озық техникалық шешімдерді ұсына алатын ірі кәсіпорын. Солардың ішінде "жасыл" сутегі мен аммиакты өндіру, тасымалдау және сақтау, ауаны бөлу, көмірсутек шикізатының бумен риформингі қондырғыларын, электролизерлерді, аммиак қондырғыларын, CO2 анықтау қондырғыларын, табиғи газды өңдеу зауыттарын салу және басқалар.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны