28.03.2022, 17:11 14706

БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық табысы екі айда 522 миллиард теңгеден асты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 13,6 триллион теңге болды.
БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық табысы екі айда 522 миллиард теңгеден асты
НҰР-СҰЛТАН. 28 НАУРЫЗ - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 13,6 триллион теңге болды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY БЖЗҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсімі таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді. 2022 жылдың 1 қаңтары мен 1 наурызы аралығында инвестициялық табыс шамамен 522,3 млрд теңгеге өсті, бұл былтырғы көрсеткіштен екі есе немесе 304,4 млрд теңгеге артық", - деп БЖЗҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.


Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруымен БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік 2022 жылдың басынан бері инфляция 1,5% болғанда 4,0% құрады. Бұл ретте соңғы күнтізбелік 12 айда инфляция 8,7% болғанда кірістілік 13,65% жетті. 

Жалпы, барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс 6,6 трлн теңгені құрады. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бері (1998 жыл) инвестициялық кірістілік 2022 жылдың 1 наурызына қарай өсу қорытындысымен барлық кезеңдегі инфляция 556,47% болғанда 712,36% жетті. 

Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданыла бастаған кезден бастап 2022 жылдың 1 наурызына дейінгі кезеңде зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 155,90% көрсетті. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны