03.02.2023, 12:46 60236

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы бір жылда 23,4%-ға өсті

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,3%-ға өсті
Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы бір жылда 23,4%-ға өсті
Астана. 3 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,3%-ға, жылдық мәнде 23,4%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Сарапшылар 2023 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасын келтірді: қарақұмық жармасы - 500 тг/кг; өсімдік майы - 905 тг/л; рожки - 306 тг/кг.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады", - деп түсіндірді ведомствода.


Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда бір айлық мәнде тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы қаңтарда 1,1% құрады. Өткен айда азық-түлік тауарлары - 1,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,9%, ақылы қызметтер 0,7% өсті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны