14.04.2023, 10:54 48431

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы бір жылда 11,8%-ға өсті

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға өзгермеді
Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы бір жылда 11,8%-ға өсті
Сурет: t.me/stat_gov_kz_official
Астана. 14 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға өзгермеді, ал жылдық мәнде 11,8%-ға өсті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы.

Экономистер ағымдағы жылдың 11 сәуіріндегі жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасын ұсынды.

Мәселен, қарақұмық - 434 тг/кг; пияз - 178 тг/кг; тауық еті - 1235 тг/кг.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.


Естеріңізге сала кетейік, Тоқаев сауда министріне азық-түлік бағасын тұрақтандыруды тапсырған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:БаєаЈМАТ

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны