11.02.2022, 17:20 26226

Ұлттық банк: 2021 жылы ұлттық компаниялардың акцияларына инвестициялау ең тиімді болып шықты

Теңгелік жинақ депозитінің жоғары сыйақы мөлшерлемелері 14,00%-дық тартымды кіріс келтірді.
НҰР-СҰЛТАН. 11 АҚПАН - Ұлттық компаниялардың акцияларына инвестиция салу 2021 жылы ең көп кіріс әкелді. Мұндай мәліметтерді ҚР Ұлттық Банкі жүргізген инвестициялау үшін халық арасында ең танымал қаржы құралдарының номиналды табыстылығының талдауы көрсетті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Талдау шеңберінде салымшылардың кейіннен жыл соңындағы бағам/бағам белгілеу бойынша теңгеге конвертациялаумен 2021 жылдың басында жыл басындағы ағымдағы бағам/бағам белгілеу бойынша Қазақстан ішінде әртүрлі құралдарға 10 000 теңге сомасында қаражат салуы туралы болжам жасалды. Салыстыру үшін ай сайынғы капиталдандыру арқылы тарту мерзімі 12 айлық депозиттер қаралды. Теңгелік депозиттер бойынша ең жоғары кірістілік 2021 жылғы қаңтарда 14%-ға дейін (мерзімі 1 жылдық жинақ депозиттері бойынша) жетті, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 1% болды", - деп атап өтті ҚР Ұлттық Банкінде.

 
Талдау бойынша, қазақстандық компаниялардың акцияларына қаражат салу тауар-шикізат нарықтарының (мұнай және уран) өсуі және рейтингтердің жоғарылауымен қатар компаниялар пайдасының өсуі аясында 2021 жылы 37,4% деңгейінде барынша жоғары кірістілік әкелді.
 
Теңгелік жинақ депозитінің жоғары сыйақы мөлшерлемелері 14,00%-дық тартымды кіріс келтірді. Ең жоғары кірісті және теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып, ақшаны долларлық салымдарға орналастыру 3,63%-дық кірістілік әкелді, бұл теңгелік жинақ депозитінің кірістілігінен 3,9 есе аз.
 

Инвесторлардың АҚШ ФРЖ-ның ақша-кредит саясатын мейлінше ертерек күшейтуін күтуінен АҚШ долларының жаһандық нығаюы және импорт пен тұтыну белсенділігінің қалпына келуіне байланысты валютаға ішкі сұраныстың өсуі аясында теңге АҚШ долларына қатысты 2021 жылы 420,71-ден 431,67-ге дейін әлсіреді", - деп нақтылады сарапшылар.

 
Рубльдік салымдар 3,15%-дық кірістілік әкелді, бұл теңгелік жинақ депозитінің кірістілігінен 4,4 есе аз. Ресейден тауарлар импортының өсуі аясында теңге Ресей рубліне қатысты 2021 жылы 5,65-тен 5,77-ге дейін әлсіреді.
 
Олардан кейін номиналды кірістілік деңгейі бойынша қолма-қол АҚШ долларындағы және Ресей рубліндегі жинақтар орын алады, олардың кірістілігі бағамдық өзгерістер есебінен тиісінше 2,61% және 2,12% болар еді.
 

Алтынға салым (-)1,67% мөлшерінде теріс кірістілік әкелді, өйткені вакциналардың әзірленуіне және жаппай вакцинациялаудың іске асырылуына байланысты жаһандық өсу перспективаларының белгісіздік деңгейінің төмендеуі аясында бағалы металдың құны 2021 жылы бір грамм үшін 25 396,01 теңгеден 24 970,91 теңгеге дейін төмендеді. Алтын инфляциядан хеджирлеу ретінде инвестициялық тартымдылықты қайтара алмады, керісінше акциялар мен жылжымайтын мүлікке сұраныс өсті", - деді Ұлттық банкте.

 
ҚР ЕДБ-дегі ең жоғары мөлшерлемені және бағамдық өзгерісті ескере отырып, салымдарды еуродағы депозитте сақтау теңгенің еуроға қатысты 516,13-тен 487,79-ға дейін нығаюына байланысты (-)4,55%, қолма-қол еурода - (-)5,49% деңгейінде теріс кірістілік әкелді. Еуро серпіні АҚШ ФРЖ-ға қарағанда EОБ-ның мейлінше жұмсарту бағытымен және өңірдегі іскерлік белсенділікке теріс әсер еткен энергетикалық дағдарыспен айқындалып отырды (1-кесте).
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны