03.12.2021, 20:06 102348

ҚР Ұлттық Банкі Мемлекетаралық банк кеңесін 2022 жылы басқарады

Отырыс барысында қатысушылар Мемлекетаралық банктің 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындысы мен бюджеттің орындалуын талқылады.
ҚР Ұлттық Банкі Мемлекетаралық банк кеңесін 2022 жылы басқарады
Сурет: inbusiness.kz
НҰР-СҰЛТАН. 3 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Мемлекетаралық банк кеңесін 2022 жылы басқарады. Бұл туралы Мемлекетаралық банк кеңесінің 63-ші отырысы барысында белгілі болды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Отырыс барысында Банктің 2022 жылғы Кеңесіне төрағалық етуші тарап сайланды. Дауыс беру қорытындысы бойынша, бірауыздан қабылданған шешіммен Мемлекетаралық Банктің Кеңесіне төрағалық ету құқығы Қазақстан Ұлттық Банкіне берілді.
 
Отырыс барысында қатысушылар Мемлекетаралық банктің 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындысы мен бюджеттің орындалуын талқылады. Банктің 2022 жылға арналған бюджетін және 2021 жылғы қаржылық есептілікке аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қорытындыларын бекітті. Сондай-ақ Кеңес мүшелері Мемлекетаралық банктің 2022 жылға арналған жұмысының негізгі бағыттары бойынша пікір алмасты.
 

Мемлекетаралық банк Кеңесінің кезекті отырысы 2022 жылдың көктемінде өтеді", - деп хабарлады Банктің баспасөз қызметі.

 
Мемлекетаралық банк 1993 жылы құрылған ТМД-ға мүше елдердің халықаралық есеп айырысу және кредит-қаржы мекемесі болып саналады. Мемлекетаралық банктің Армения, Беларусь және Қырғызстанда өкілдіктері бар. Банктің құрылтайшылары (қатысушылары) – Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Молдова Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының және Түрікменстанның үкіметтері мен орталық банктері болып табылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны