05.10.2022, 14:44 10336

Тоқаев: Қарағанды облысының АЭА шетелдік компанияларды орналастыру алаңына айналуы тиіс

Тоқаев Үкіметке "Saran" индустриялық аймағының инфрақұрылымын қалыптастыруды 2023 жылы аяқтауды тапсырды.
ҚАРАҒАНДЫ. 5 ҚАЗАН - Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 2023 жылы өңірдегі Saran индустриялық аймағының инфрақұрылымын қалыптастыруды аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Президенттің айтуынша, Қарағандыдағы "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағы мен "Saran" индустриялық аймағында бірқатар ірі кәсіпорын іске қосылып, перспективасы мол өндіріс жобалары жүзеге асырылып жатыр.
 

Олар шетелдік компаниялардың өндірісін көшіретін алаңға да айнала алады және айналуға тиіс. Ол үшін лайықты жағдай жасалуы керек. Үкіметке "Saran" индустриялық аймағының инфрақұрылымын қалыптастыруды 2023 жылы аяқтауды тапсырамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
Жалпы, Мемлекет басшысы жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде Қарағанды облысын дамытудағы жеті басымдықты атап өтті: өңдеу өнеркәсібін қолдау; өңірдің транзиттік-көліктік әлеуетін арттыру; моноқалаларды дамыту, экологиялық жағдайды жақсарту; өнеркәсіптік кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету; сумен жабдықтау және ауыл шаруашылығын дамыту; білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет инфрақұрылымын дамыту; облыс орталығын дамыту.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны