Қазанда алғаш рет өткен MISS BRICS 2026 халықаралық сұлулық байқауының финалы өтті
Қазанда MISS BRICS 2026 халықаралық сұлулық байқауының финалы өтті. Байқауға 17 елден 50-ден астам қатысушы қатысты. Жеңімпаздар "Мисс", "Миссис" және "Мини-мисс" аталымдары бойынша анықталды.
Бас жүлде - "Мисс БРИКС" атағын Ресей өкілі Валентина Алексеева жеңіп алды. Екінші орынды Боливиядан келген Иммакулате Вахера иеленсе, үшінші орын беларусьтік қатысушы Алия Короткаяға бұйырды. Ол сондай-ақ көрермендер көзайымы сыйлығын да алды.
Миссис БРИКС" санатында Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Миллисент Мпхолоди Тлоу жеңімпаз атанды. Екінші орынды Қазақстаннан қатысқан Ольга Мигунова иеленіп, көрермендер көзайымы сыйлығына да ие болды. Үшінші орын Ресей өкілі Александра Хватоваға бұйырды.
Жас қатысушылар арасында "Мини-мисс БРИКС" атағын Қытайдан келген Думалаог Саффира Кара Гилле жеңіп алды. Екінші орын Беларусь өкілі Изабелла Новиковаға, үшінші орын БАӘ-ден келген Лия Бегларянға берілді.
Қазылар алқасының құрамында стилист Влад Лисовец, модель Виктория Лопырева, әнші Ольга Серябкина және әртіс Марк Тишман болды.
Ұйымдастырушылар байқау Рамазан айына сәйкес келгендіктен дәстүрлі купальникпен дефиле өткізілмегенін хабарлады. Оның орнына қатысушылар спорттық киіммен және ұлттық киім үлгілерімен сахнаға шықты. Қазылар алқасы тек сыртқы келбетті ғана емес, қатысушылардың сахнадан тыс мінез-құлқын да бағалады.
Байқау 2 наурызда басталды. Оның негізгі кезеңдері жабық форматта өтті, ал көрермендерге тек финалдық кезең көрсетілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

