15.04.2022, 16:50 20141

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 2 мың азаматты алдады

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты қаржы пирамидасының құрушы мен басшысын нақты мерзімге – әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 2 мың азаматты алдады
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 15 СӘУІР - Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚМА департаменті Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғынына қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Айыпталушылар құрылған маркетингтік жоспар бойынша салынған қаражатты еселеп көбейтуге уәде беріп, қаражат алуға 2000-ға жуық салымшыны тартатын "Астана Раушан касса айналымы" деп аталатын "WhatsApp" және "Telegram" чаттарын құрған", - деп хабарлады ҚР ҚМА.

 
Ведомство хабарлағандай, қаржы пирамидасының жұмыс істеу қағидасы қатысушылардың кіріс алу үшін жаңа тұлғаларды тарту қажеттілігі болып табылады, соңғылары өз кезегінде жаңа қатысушыларды тартуы керек.
 

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты қаржы пирамидасының құрушы мен басшысын нақты мерзімге – әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сондай-ақ, сот олардың екеуін де 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестиция тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырды. 198 жәбірленушінің азаматтық талаптары қанағаттандырылды", - деп хабарлады агенттікте.

 
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды аса сақ болуға және қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың айла-амалына түспеуге тағы да шақырады.
 

Егер сіз қаржылық пирамидаға тап болсаңыз немесе осындай пирамидаға сіздің таныстарыңыз немесе жақындарыңыз қатысса, агенттікке хабарласуыңызды сұраймыз. ҚМА сенім телефоны +7 (7172) 708-478", - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны