18.01.2022, 16:48 26886

Алматыда 130-дан астам атыс қаруы тәркіленді

Алматыда терроризмге қарсы операция барысында 2 748 адам ұсталды.
Алматыда 130-дан астам атыс қаруы тәркіленді
Сурет: ҚР ҰҚК
АЛМАТЫ. 18 ҚАҢТАР - Алматыда терроризмге қарсы операция басталғаннан бері 130-дан астам атыс қаруы тәркіленді. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы мәлім етті.
 
Комендатура мәліметінше, арнайы операция барысында Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2 748 қатысушысы ұсталды. 
 
131 атыс қаруы мен 4 179 оқ-дәрі тәркіленді. 
 

Өткен тәулікте "102" пультіне 437 хабарлама келіп түсті. Комендатураның колл-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 41 дабыл қабылданды. Барлық хабарлама дер кезінде өңделді", - дейді Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

 
Сонымен қатар, ол тұрғындарды комендант сағатын бұзбауға шақырды.


Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде жеті қару-жарақ дүкені тоналды. Барлығы 1 347 қару ұрланған.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны