17.01.2022, 17:52 24126

Алматыда қаруды өз еркімен тапсырғаны үшін жауапкершіліктен босатылады

Алматыда қаруды өз еркімен тапсырғаны үшін жауапкершіліктен босатылады
Сурет: Polisia.kz
АЛМАТЫ. 17 ҚАҢТАР - Алматыда заңсыз сақталған қару-жарақтарды қабылдау шарасы басталды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлім етті.
 
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл шара заңсыз қару сақтаған азаматтарға оларды жақын жердегі полиция басқармасына өз еркімен тапсыруға мүмкіндік беріледі. 
 
Сонымен қатар, ҚР ҚПК-нің 287 бабына сәйкес - қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. 
 

Ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпарат білетін болсаңыз, "102" пультіне хабарласуыңызды сұраймыз, анонимділікке кепілдік беріледі", - делінген хабарламада. 

 
Заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен бермеген азаматтар анықталған жағдайда қылмыстық жауапқа тартылады. 
 
Сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8-747-333-91-60; 8-777-346-44-77.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны