20.02.2023, 10:29 17056

Екібастұз оқушылары қайтадан қашықтықтан оқытуға көшеді

Үй-жайларды толық жылыту үшін біраз уақыт қажет
Екібастұз. 20 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Екібастұздағы барлық мектеп пен колледж оқушылары уақытша қашықтан оқиды.

Яғни, ақпанның 20-сы мен 24-і аралығында сабақ онлайн өтеді, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Ал балабақшалар кезекші топ режимінде жұмыс істейді. "Екібастұз-теплоэнерго-ның" хабарлауынша, қалада жылу беру қалыпқа түсе бастады. Алайда білім беру ұйымдарын толық жылыту үшін біраз уақыт қажет. Мектептердегі сынап бағанасы күн сайын тексеріледі. Санитарлық нормаларға сәйкес, қажетті температуралық режим орнаған кезде білім беру мекемелері қайтадан штаттық оқыту режиміне ауысады.

Естеріңізге сала кетейік, 18 ақпанға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да тағы да апат болды. Алты қазандық қондырғысының үшеуінің жұмысы тоқтатылды. Әлеуметтік желілерде екібастұздықтар үйлерінде су мен батареялар мұздай екенін хабарлайды және қалада ТЖ режимін қайта енгізуді талап етеді.

Қазір ЖЭО-да алты қазандық жұмыс істеп, қала жылумен қамтамасыз етілген.

Ақпарат көзі: 24.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:Екібастўз

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны