11.04.2024, 20:16 35256

Ақмола облысында 100-ден астам үйді су басты

Ақмола облысының бірқатар елдімекендерінде су тасқыны болып, 100-ден астам түрғын үйді су басып қалды, деп  хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Атбасар ауданында Жабай өзенінде су деңгейі көтеріліп, 100-ден астам үй мен мектепті су басып қалған.

Сонымен бірге, 200-ге жуық үй мен 2 мектеп су басу қаупінде тұр.

Қазірге кезде қауіпті аймақтағы үйлердің тұрғындарын эвакуациялау, сондай-ақ әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді тасқын судан қорғау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Су басқан аумақтарда 400-ден астам құтқарушының және 100 техниканың көмегімен су сору жұмысы қолға алынған", - деді ведомстводан.


Сонымен бірге, өңірде еріген қар суының молынан ағуынан Жолболды өзені арнасынан тасып, Иванковка ауылында 45 үйді су басты.

Автомобиль қатынасы болмауына байланысты тұрғындарды эвакуациялауда қиындық туындаған.

Қорғаныс министрлігінің МИ-8 тікұшағымен және Трэкол арқылы жақын елді мекендерге 52 адам, оның ішінде 21 бала Макинск қаласындағы эвакуация пункті - № 4 мектеп гимназиясына жеткізілді. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді", - деп толықтырды ведомстводан.


Бұдан бөлек, аталмыш ауылдан 100 бас ірі қара, 11 жылқы, 50 шошқа және 520 үй құсы қауіпсіз жерге көшірілді.

Айта кетсек, бұдан бұрын Атбасар ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланғанын жазған едік.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны