19.04.2022, 16:12 15401

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерді үйлестірушілердің бірі ұсталды

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерді үйлестірушілердің бірі ұсталды
Сурет: gov.kz
НҰР-СҰЛТАН. 19 СӘУІР - Қаңтардағы тәртіпсіздіктерді үйлестірушілердің бірі ұсталды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Бас прокуратураның 1-ші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Жамбыл облысының тұрғыны 2022 жылғы 4 қаңтарда Алматы қаласында болып, "Телеграмм" каналды ашып, оған санаулы сағаттарда бірнеше мың қатысушы жазылды. Осы телеграмм канал арқылы оның қатысушылары баррикадаларды құру, "Молотов" коктейльдерін дайындау және құқық қорғау қызметкерлеріне қарсылық білдіру үшін толық нұсқаулық алып отырған", - деді Елдос Қилымжанов.

 
Оның айтуынша, кейін ағымдағы жылғы 5-6 қаңтарда аталған канал арқылы қиратушылардың қозғалысы және олардың Жамбыл облысының мемлекеттік объектілеріне жасаған шабуылдарын түзету туралы ақпарат жүрді. 
 

Бұл фактілер тергеу барысында анықталды және жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін күдіктелген адамдардың жауаптарымен расталады. Күдікті адам анықталды және ол қазіргі уақытта қамауда",- деп қосты Елдос Қилымжанов.

 
Сонымен қатар, осы өңірде "Газель" автокөлігінің жүргізушісі "С" және оның жақтасы "К" есімді азаматтар анықталды. Олар аталған көлікпен жүріп, алдын ала дайындалған арматураны, ұрланған полицияның қалқандары мен бронжилеттерін таратқан. Сондай-ақ, құқық қорғау қызметкерлерінің жүруін қиындату үшін, олар автокөлікті жолдарды жабуда қолданған.Осы өңірде "Газель" автокөлігінің жүргізушісі "С" және оның жақтасы "К" есімді азаматтар анықталды. Олар аталған көлікпен жүріп, алдын ала дайындалған арматураны, ұрланған полицияның қалқандары мен бронжилеттерін таратқан. Сондай-ақ, құқық қорғау қызметкерлерінің жүруін қиындату үшін, олар автокөлікті жолдарды жабуда қолданған.
 

Қылмыстық істерді талдау нәтижелерімен осы қылмыстарды жасаудың ұқсас тәсілдері қайғылы оқиғалар болған басқа өңірлерде де байқалатынын көрсетті. Бұл мән-жайлар олардың үйлестірілуін және бірыңғай жоспардың болғандығын көрсетеді", - деп атап өтті спикер. 

 
Ол Алматы қаласында 4 күдікті адам ұсталғанын, олар әлеуметтік желілер арқылы арматура кесінділерін дайындау және қиратушылар орналасқан жерге тасымалдау туралы нұсқаулар алғанын хабарлады. Қазіргі уақытта олардың үйлестірушілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Алматы облысында тәртіпсіздіктерге қатысушыларды қаржыландырған азаматтар анықталды. Погромдарға қатысқаны үшін бір адамға 20-дан 100 долларға дейін төленді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны