08.04.2022, 14:56 14491

Алматыда 585 миллион теңгеге қытайлық тауарларының контрабандасы анықталды

Экономикалық контрабанда фактісі бойынша "Group of the Companies TDA" ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді.
АЛМАТЫ. 8 СӘУІР - Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп ҚХР халық тұтынатын тауарлардың аса ірі көлемде экономикалық контрабанда фактісін анықтады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚМА баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ҚР ҚК-нің 234-бабы 2-бөлігінің 1,4,5-тармақтарында көзделген экономикалық контрабанда фактісі бойынша "Group of the Companies TDA" ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді.
 

Кәсіпорынның барлық операциялық жұмыстарын осы ЖШС директоры жүргізді. Қытайдан Еуразиялық кеден одағының кедендік аумағына заңсыз тасымалданған тауарлардың жалпы құны 585 617 144 теңгені құрады. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша бюджетке төленетін сома – 125 244 847 теңге", - деді ҚМА-да.

 
Ағымдағы жылдың 31 наурызында Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты ЖШС директорына қатысты 2 ай мерзімге "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
 
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.
 
Бұған дейін Қырғызстанмен шекарада тауарларға жалған құжаттары бар алты жүк көлігі ұсталғаны туралы хабарланған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны