16.04.2024, 12:57 61851

Алматыда Альпинисттік лагерьдің маңында қар көшкіні түсті

ТЖМ азаматтардан таулы жерлерге баруды шектеуді сұрайды
Алматыда Альпинисттік лагерьдің маңында қар көшкіні түсті
Сурет: ТЖМ
Алматының Медеу ауданында қар көшкіні орын алды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Бүгін Медеу ауданындағы қар ржинағыштарда, Альпинисттік лагерьдің маңында көлемі 4000 текше метр қар көшкіні түсті.

Сонымен қатар, Қазгидромет синоптиктерінен қатты жауын-шашынның түсуіне, үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты көшкін қаупі сақталатыны туралы дауылды ескерту түсті.

ТЖМ азаматтардан таулы жерлерге баруды шектеуді сұрайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны