08.02.2022, 18:19 30596

Алматыда қарулы содырлар тобы ұсталды

Алматыда қарулы содырлар тобы ұсталды
Сурет: ҚР ҰҚК
АЛМАТЫ. 8 АҚПАН - Қазақстан Республикасы ҰҚК 2022 жылғы 7 ақпанда Алматы қ. жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарына шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Тінту барысында олардан Калашников автоматы, оған 158 патрон, танкіге қарсы қол граната атқышына 1 ату және 3 снаряд, 2 граната, келте аңшы мылтығы және электрошокер табылып, тәркіленді", - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

 
Ұсталғандардың бірі бұрын адам өлтіргені, қарақшылық және ұрлық жасағаны үшін сотталған.
 
Тергеу және жедел іс-шаралар жалғасуда.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Алматыда "Көк Төбе" теледидар мұнарасы маңында екі тегіс ұңғылы мылтық табылған.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны