21.06.2022, 15:30 13986

Алматыда Астана ықшамауданында салынып жатқан үй өртенді

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Алматыда Астана ықшамауданында салынып жатқан үй өртенді
Сурет: Алматы ТЖД
АЛМАТЫ. 21 МАУСЫМ - Алматыда Саин мен Шаляпин көшелерінің қиылысында салынып жатқан ғимараттың жабыны өртенді. 
 
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 21 маусым күні таңғы сағат 09:46 шамасында Әуезов ауданындағы "Астана" ықшамауданы, 1/10 мекенжайы бойынша жоғары дәрежелі өрт сөндіру бөлімшелері шықты. 
 

Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына төрт минутта жетті. Олар салынып жатқан ғимараттың жабыны өртеніп жатқанын анықтады, қазір таралу қаупі жоқ. 10 минуттың ішінде өрт оқшауланып, 10:09-да сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

 
Төтенше жағдайлар департаменті нысан иелеріне құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны