13.02.2023, 10:13 17481

Алматыда азаматтарды 6 млрд теңгеге алдаған қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

15 адам бас бостандығынан айырудың нақты мерзімдеріне жаза (6 жылдан 7 жылға дейін) тағайындаумен кінәлі деп танылды
Алматы. 13 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі "QI Trade Kazakhstan" (Qarat Invest) қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі тергеп-тексерді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.

Олардың бас офисі Алматы қаласында орналасқан, сондай-ақ өңірлерде 12 филиал жұмыс істеген. "AMAZON" (АҚШ) бүкіләлемдік алаңында сауда жасау деген атпен, сенімгерлік басқару негізінде азаматтар проценті түрінде одан әрі кіріс алу үшін ақша салған", - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметінде.


Салымшыларға салым сомасына байланысты жылдық 96%-ке дейін пайда уәде етілген.

Соның салдарынан компаниямен 6 млрд. теңгеден астам сомаға 1345 азаматқа залал келтірілген.

Нәтижесінде Бостандық аудандық сотының үкімімен 15 адам бас бостандығынан айырудың нақты мерзімдеріне жаза (6 жылдан 7 жылға дейін) тағайындаумен кінәлі деп танылды.

Алматы әкімдігі қала тұрғындарын алаяқтар туралы ескертті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны