19.01.2022, 16:32 24086

Қазақстанның арнайы қызметтері тәртіпсіздіктерге радикалдар қатысқанын анықтады

Қазақстанның арнайы қызметтері тәртіпсіздіктерге радикалдар қатысқанын анықтады
Сурет: facebook Сергей Алексеенок
АЛМАТЫ. 19 ҚАҢТАР - Тәртіпсіздікке экстремистік ұйым мүшелері қатысқан.
 
Қазақстандағы террорлық әрекеттерге шетелдік лаңкестік ұйымдардың қатысы болуы мүмкін бе? "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин осы сұраққа жауап берді. 
 
Айтуынша, арнайы қызмет осы төңіректе бірнеше айғақты анықтаған. Яғни желтоқсан айының 20-сы шамасында бір уақытта бірнеше топ шетелден елге келген. Дәл осы шетел азаматтары 7-8 қаңтар күндері түрлі жолмен елден шығуға әрекеттенген. Ерлан Қариннің айтуынша, еліміздің құзырлы органдары лаңкестік бабы бойынша 44 қылмыстық іс қозғаған. 
 

Арнайы қызмет өкілдері соңғы оқиғаларға ел ішінде әрекет еткен бірқатар экстремистік ұйым мүшелерінің қатысы барын анықтады. Сондай-ақ радикалдар бұл оқиғаларды жаңа шабуылдар үшін пайдаланғысы келген. Бұл әрекеттердің жолы дер кезінде", - деп мәлімдеді ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин.


 
Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны