24.03.2022, 18:21 12431

Қазнетте өзін Қазпошта өкілдері деп таныстырған алаяқтар әрекет етуде

Қазнетте өзін Қазпошта өкілдері деп таныстырған алаяқтар әрекет етуде
НҰР-СҰЛТАН. 24 НАУРЫЗ - Қазнетте өзін "Қазпошта" АҚ өкілдері деп таныстырған алаяқтар әрекет етуде. Олар пайдаланушыларға сауалнамадан өтіп, ұйымның 140 жылдығына орай ақшалай сыйлық алуды ұсынады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
 

Шын мәнінде, "Қазпошта" АҚ-ның бұл сауалнамаға ешқандай қатысы жоқ. Мұндай акциялар туралы хабарландырулар ресми сайтында да, әлеуметтік желілердегі парақшаларында да жоқ", - деп хабарлайды stopfake.kz.

 
Сауалнаманың қорғалмаған платформада орналасқандығы оның алаяқтардың ісі екенін көрсетеді, ал сайттың өзі біз бұған дейін жазған ондаған сайтқа ұқсайды. Олардың барлығы фишингтік.
 

Фишинг – бұл онлайн-алаяқтықтың бір түрі, онда зиянкестер пайдаланушылардың дербес деректерін: логиндер мен парольдерді, банк карталары туралы ақпаратты және т.б. мәліметтерді иемденеді", - деп хабарлайды сайт.

 
Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Алматыда интернет-алаяқтық жасаған күдіктіні ұстаған болатын. Ер адам Olx.kz сервисінде және Instagram әлеуметтік желісінде тиімді бағамен жиһаз сату туралы жалған хабарландырулар жариялаған.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны