03.04.2024, 16:04 45376

"Bek Air" ұшағының апатқа ұшырауы фактісі туралы қылмыстық іс бойынша терегеу аяқталды

"Bek Air" ұшағының апатқа ұшырауы фактісі туралы қылмыстық іс бойынша терегеу аяқталды
Сурет: gov.kz
Көліктегі полиция департаменті процесс прокурормен келісе отырып, Алматы әуежайында 2019 жылдың 27 желтоқсанында орын алған "Fokker-100" "Bek Air" ұшағының апатқа ұшырауы фактісі туралы қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерінің аяқталғанын хабарлады, деп мәлім етті Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен.

4 мыңнан астам тергеу әрекеттері (2000 тексеру, 1350 жауап алу, 250 алу), 150 сот-медициналық сараптама және арнайы зерттеулер жүргізілді.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде прокуратура Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бельгия, Германия, Люксембург, Нидерланды және т.б. шет мемлекеттерден халықаралық құқықтық көмек көрсету туралы өтініштерге іс үшін маңызы бар қажетті құқықтық-техникалық ақпарат алынды.

Қазіргі уақытта процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысып жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны