06.12.2022, 17:07 20356

Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Сурет: Depositphotos
Қамауда ұстау 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін ұзартылды
 
Астана. 6 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін ұзартылды.
 

Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды",- деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.

 
Бұған дейін Бас прокуратура Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің рақымшылыққа ілінбейтінін мәлімдеген болатын.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны