15.06.2026, 16:46 351

Италияда қаза тапқан қазақстандыққа СІМ қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде

Италияда қаза тапқан қазақстандыққа СІМ қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде
Сурет: Depositphotos
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Италияда қаза тапқан Қазақстан азаматына қатысты қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетті. Бұл туралы брифинг барысында СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Құзырлы органдардың ақпаратына сәйкес, ол суға батып кеткен. Біздің тараптан қажетті консулдық-құқықтық көмек, оның ішінде құжаттарды рәсімдеу және мәйітті елге жеткізу мәселелерін ұйымдастыру бойынша тиісті шаралар қабылданды», – деді Ерлан Жетібаев.

Бұған дейін, бұқаралық ақпарат құралдарында Италияның Бриатико қаласындағы жағалау маңындағы жартастар арасынан Қазақстаннан барған студенттің өлі күйінде табылғаны туралы ақпарат тараған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны