19.04.2024, 18:32 82936

Павлодарда полицейлер суға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалды

Павлодар облысында тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның алдын алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция бөліміне Жамбыл ауылында жанжал болғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Көрсетілген мекенжайға жеткен полицейлер үйден балаларды көрген. Олар аналарының Ертіс өзеніне кеткенін айтқан.

Өзенге бет алған полицейлер суға батып бара жатқан әйелді байқады. Полиция капитаны Елдос Қойкен дереу суға секіріп, оны құтқарды. Ауыл тұрғыны мас күйде болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны