21.04.2022, 18:08 13851

Рудныйда жаппай улану: 14 студент ішек инфекциясымен ауруханаға жатқызылды

Рудныйда жаппай улану: 14 студент ішек инфекциясымен ауруханаға жатқызылды
РУДНЫЙ. 21 СӘУІР - Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Рудный тау-кен технологиялық колледжі студенттерінің жаппай улану фактісіне түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2022 жылғы 21 сәуір сағат 15.00-дегі жағдай бойынша жіті ішек инфекциясы белгілерімен медициналық көмекке 35 студент жүгінді, оның ішінде 14 адам "жедел гастроэнтерит" диагнозымен ауруханаға жатқызылды, қалғандарына амбулаториялық емдеу тағайындалды (науқастардың шағымы - жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, сұйық нәжіс). Бүгінгі күні науқастардың жағдайы қалыпты, орташа ауырлықта", - деп хабарлады департаментте.

 
Зардап шегушілердің барлығы өз ауруын колледж асханасында тамақтанумен байланыстырады.
 
Рудный қаласының полиция басқармасымен қозғалған қылмыстық іс шеңберінде Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аумақтық басқармасымен бірлесіп "S_SALTA" ЖШС жеке тұлғасымен жалға алынған асханаға қатысты жоспардан тыс тексеруді бастады.
 
Тексеру барысында зертханалық зерттеулер үшін тамақ өнімдерінің, судың, шайындылардың сынамалары алынды, сондай-ақ ас блогының персоналы тексерілді. Зертханалық зерттеулер жүргізілуде.
 
Мамандар ошақта эпидемияға қарсы іс-шараларды іске асыруда.
 
Бұған дейін Рудныйда колледж студенттері жаппай уланғаны хабарланған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны