22.11.2021, 21:15 88951
Семейде екі баланы жаяу жүргіншілер жолағында қағып кетті
Достарға айту
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Шәкәрім даңғылында болған.
"Toyota" маркалы автокөлікті тізгіндеп келе жатқан 74 жастағы жүргізуші реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағында кәмелетке толмаған екі баланы қағып кетті.
Соның салдарынан жарақат алған балалар ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
28.11.2023, 14:11 1111
"Қазақмыс" жұмысшылар қаза тапқаннан кейін барлық жерасты кеніштеріндегі жұмыстарды тоқтатты
Сурет: Instargam/kazakhmys_official
Достарға айту
2023 жылдың 27 қарашасында Жайсаң кенішінде болған топтық апатқа байланысты "Қазақмыс" компаниялар тобының басшылығы корпорацияның барлық жерасты кеніштеріндегі тау-кен және күрделі жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
Кеніштерде ішкі экспорттық комиссия инспекциялары құрылды. Комиссияларды кәсіпорындардың бас инженерлері басқарады. Басталған тексерістер өндірістік ереже бұзушылықтарды, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы ереже бұзушылықтарды егжей-тегжейлі анықтауға бағытталған. Кәсіпорындардың жұмысын тоқтату барлық ереже бұзушылықтар анықталып, жойылмайынша жалғасады.
Компания басшылығы тексерістің барлық кезеңі үшін тоқтатылатын шахта бригадаларына еңбекақыны толық төлеу туралы шешім қабылдады.
Комиссиялардың жұмысы аяқталып, барлық мән-жайлар нақтыланғаннан кейін тексеру нәтижелері еңбек ұжымдарына жеткізіледі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін одан әрі күшейту шаралары қабылданады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.11.2023, 13:30 4221
"Қазақмыс" кенішінде екі жұмысшы қаза тапты
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақмыс" кенішінде екі жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметінен.
Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ. Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері өлімге алып келетін жарақаттар алды", деп айтылған хабарламада.
Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда.
«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.11.2023, 19:45 33611
"Алматы-Қорғас" тас жолында екі автокөлік соқтығысып, жанып кетті
Оқиға орнынан ауруханаға 5 адам жеткізілді
Достарға айту
Алматы-Қорғас" тас жолында екі автокөлік соқтығысып, жанып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол апаты 18 қарашада Жаркент қаласының маңында екі Аудидің қатысуымен орын алды. Оқиға орнынан ауруханаға 5 адам жеткізілді, оның біреуі медициналық тексеруден кейін ауруханаға жатқызылды.
Автокөліктер "Алматы-Қорғас" тас жолының 336 шақырымында соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, автомобильдердің бірінде дөңгелегі жарылып, нәтижесінде жүргізуші рульге ие болмай, басқа көлікпен соқтығысуға жол берді. Бұл жағдай кейіннен екі шетелдік көліктің де өртенуіне себеп болды. Өртті оқиға орнына шақырылған өртке қарсы қызметінің өрт сөндірушілері өшірді.
Полиция апаттың барлық жағдайларын мұқият анықтауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.11.2023, 19:36 33826
Елордада қатты желден кейін қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Елордада 18 қараша күні кешкі уақыттан бастап қатты жел соғып, құрылыстарға зиян келтіріп, ағаштарды құлатып, белгілерді жұлып әкетті. Қаланың коммуналдық қызметтері ауа райының қолайсыздығына байланысты күшейтілген режимге көшті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Коммуналдық қызметтер аудан әкімдіктерімен бірлесіп, апаттың салдарын жою және қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатыр. Өткен тәулікте Астана Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері расталмаған 3 факті бойынша 28 рет шықты, 10 өрт оқиғасы, 12 авариялық-құтқару жұмысы және т.б.
Мәселен, Үркер елді мекенінде ауа райының нашарлауына байланысты Ұлттық ұлан әскери бөлімінің бес қабатты казарма ғимаратының шатыры бұзылды. Оның жалпы алаңы 1500 шаршы метрді құрады.
Байқоңыр ауданында ауа райының қолайсыздығы кезінде 7 автобус аялдамасы опырылып, 6 қоршау зақымдалды. Сол сияқты 6 ағаш құлады.
Сарыарқа ауданында екі қабатты үйдің шатыры бұзылып, артынша "Школьная" мекемесінің электр энергиясы үзілді. Астана-АЭК арқылы электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді.
Алматы ауданында 8 жол белгісі, 1 жарықтандыру бағанасы, 5 шам, қоршау және т.б. бүлінді.
MEGA Silk Way" сауда орталығының негізгі кіреберісінің жанындағы көшеде қатты желден жарнамалық баннер жұлынып, әйел адамның үстіне түсті. Ол №2 ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберілді, жағдайы қанағаттанарлық.
Нұра ауданында "Evolution" ТК, "Техникум" ТК құрылыс алаңдарында, Сығанақ-Әнет баба көшелерінің қиылысында, Қабанбай батыр даңғылы, 29/4, Қорғалжын тас жолы, 20Б, Омаров көшесі, 21/1 және Тұран даңғылы, 57/1 мекенжайларында қоршауларды қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр.
Коммуналдық қызметтер қатты желден кейін қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.11.2023, 17:23 40671
Ақтөбеде жол-көлік апатынан екі жолаушы көз жұмды
Қаланың бір бүйіріндегі Оңтүстік айналма жолдың жиегінде тұрған жүк көлігінің тіркемесіне жеңіл көлік барып соқтығысты
Достарға айту
Ақтөбе қаласының Оңтүстік айналма жолында жүк көлігі тұрған. Оған барып соқтығысқан жеңіл көліктегі екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform.
Оқиға бүгін сағат шамамен 15:15-те болды. Қаланың бір бүйіріндегі Оңтүстік айналма жолдың жиегінде тұрған жүк көлігінің тіркемесіне жеңіл көлік барып соқтығысты.
Daewoo Nexia" автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі жол жиегінде тұрған "DAF" жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жолаушылары мерт болды. Ер адам 49, әйел 47 жаста. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, биыл облыста 427 жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 87 адам көз жұмды. Ал 500-ден астам адам жарақат алды. Жол-көлік оқиғасын азайту мақсатында өңірде биыл 2 467 қоғамдық бақылау камерасы, 94 аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылып жатыр. Сонымен бірге 66 орында камералар тестілеу режимінде іске қосылды. Бәрі полицияның серверлік базасына қосылады.
Жыл басынан бері мас күйінде көлік жүргізген 1 125 адам жүргізуші куәлігінен айырылды. Қазіргі кезде сынақ режимінде жұмыс істеп тұрған камералардан жүйелі түрде жылдамдықты асыратын жүргізушілер анықталып отыр. Бұл камералар орнатылған қалаларда жол ережесін бұзу дерегі төмендеген екен. Бізде де жақсы нәтиже береді деп есептейміз", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.11.2023, 18:48 46241
Ақтауда көшеден ер адамның денесі табылды
Достарға айту
15 қарашада Ақтау қаласының 7 ықшам ауданында ер адамның денесі табылды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңір полиция департаментінің баспасөз қызметі 15 қарашада "102" кезекші байланыс желісіне 7 ықшам ауданындағы 3 үйдің жанында ер адамның денесі жатыр деген хабарлама бойынша шақырту келіп түскенін хабарлады, деп жазады Lada.kz.
Шақырту бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына аттанды. 43 жастағы ер адамның денесі табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады ведомстводан.
2023 жылы 9 қазанда Астанада қараусыз қалтарыс жерден қыздың мәйіті табылды. Желі қолданушылары 18 жастағы қызды өлтіріп, сол араға көміп тастағанын жазды. Полиция қыздың денесі табылғанын растады, бірақ оның жасын нақтыламады және оның көмілгендігі туралы қауесетті жоққа шығарды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.11.2023, 18:02 67636
Павлодар облысында ЖКО салдарынан екі адам ажал құшты
Достарға айту
Павлодар облысында ЖКО салдарынан екі адам ажал құшты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 қараша күні сағат 21.00-де Астана – Павлодар автожолында Lada көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, өз көлігін жөндеп жатқан КамАЗ көлігінің жүргізушісін қағып кеткен. Осыдан кейін Lada автокөлігі КамАЗ көлігінің артқы жағынан соққан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан КамАЗ жүргізушісі мен Lada көлігінің жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Жеңіл автокөліктің кәмелетке толмаған жолаушысы жарақат алып ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізілуде, сараптама тағайындалды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.11.2023, 11:32 72876
Жамбыл облысындағы мектептердің бірінде балалар жаппай уланып қалды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
2023 жылғы 7 қарашада Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназияның 44 оқушысы мен 2 мұғалімі "азық-түлік токсикоинфекциясы" диагнозымен Баймақ аудандық орталық ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Әкімдіктің мәлімдеуінше, ауданының орталық ауруханасына жатқызылған 35 адамның жағдайы орташа, тұрақты. Науқастарға барлық қажетті медициналық көмектер көрсетілуде.
Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысының әлсіздікке, құсу бойынша шағымданған алғашқы өтініші 7 қараша күні түстен кейін тіркелді. Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, республикалық мамандардан, анестезиологтардан, педиатрлардан, токсикологтардан және инфекционистерден тұратын комиссия құрылды.
Сағат 23.00-ге дейін өтініш білдіргендердің жалпы саны 46 адамды құрады (2 мұғалім, 44 бала). 46 адамның 33-і ауруханаға жатқызылды, жағдайлары орташа, тұрақты.
Ауруханаға жатқызылғандарға детоксикация терапиясы жүргізілді. Антибиотикалық емдеуді қажет етпейтін 13 адам медициналық кеңес алғаннан кейін амбулаториялық емдеу және үйден бақылау үшін қайтарылды. Жалпы практика дәрігерлерінен, педиатрдан, учаскелік медбикеден тұратын 16 мобильді топ 205 ауланы аралап, осы күні оқу орнының асханасына келген қалған оқушыларды тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша олардың жағдайы қанағаттанарлық жағдайда, шағымдар мен ауру белгілері жоқ.
Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясын тамақпен қамтуға жауапты ЖК "Тоқсейітовтің" жұмысы мән-жайлар нақтыланғанға дейін тоқтатылды. Мектеп оқшауланған, бактериологиялық зерттеу шаралары жүруде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
28.11.2023, 14:02Прокуратура балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы хабарлауға шақырды 28.11.2023, 14:07 6506Елімізде 2025 жылдың соңына дейін 3,6 мың км жолды күрделі жөндеуді аяқтау жоспарлануда28.11.2023, 16:53 2821Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді28.11.2023, 17:12 2576Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді28.11.2023, 13:57 2001Жыл сайын 1 трлн теңгеден астам қаражат бизнеске жетпей қалады
23.11.2023, 17:05 907762024 жылы "9-20-25" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады24.11.2023, 18:37 86761Қытай әуе компаниялары Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстерді ұлғайтуда24.11.2023, 18:30 85476Астана әуежайында жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру бойынша тіркеу енгізілуде23.11.2023, 16:56 84156Маңғыстауда прокурорлар инвесторлардың жолындағы кедергілерді жойды24.11.2023, 18:25 75346Алматы облысындағы Алатау қаласы Қазақстандағы үлгілі шаһарға айналады
02.11.2023, 18:58 203821Қазақстан Үкіметі "Газпроммен" стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасады02.11.2023, 16:46 188996Қазақстан Мажарстанға құны шамамен 700 миллион доллар болатын 95 түрлі тауар жеткізе алады - Тоқаев01.11.2023, 10:58 186006Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты екі есе өсті03.11.2023, 20:35 154231Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті03.11.2023, 16:25 144616Түркі мемлекеттері ұйымының X cаммиті өтті