20.02.2023, 18:51 18191

Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділмановты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Дархан Ділмановты қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды
Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділмановты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Сурет: gov.kz
Астана. 20 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділмановты қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 20 ақпандағы қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, тергеу материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін ұзартуға санкция берілді. Яғни 2023 жылдың 22 наурызына дейін", - делінген сот хабарламасында.


Еске салайық, былтыр маусым айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде бұрынғы ҰҚК төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

5 сәуірде Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Айтқалиұлы Ділманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры лауазымынан босатылды.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны