21.02.2023, 10:07 17981

Әскери прокуратура: Өз-өзіне қол жұмсаған әскери қызметкерге жыныстық зорлық-зомбылық мүмкіндігі расталмады

Адвокат С. Пралиевтің қылмыстық істің мән-жайларын жариялау жөніндегі әрекеттерінің заңдылығын уәкілетті орган, адвокаттардың тәртіптік комиссиясы қарайды
Әскери прокуратура: Өз-өзіне қол жұмсаған әскери қызметкерге жыныстық зорлық-зомбылық мүмкіндігі расталмады
Сурет: Gov.kz
Астана. 20 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуратурасында 2022 жылдың тамызында "Шөлдала" заставасында мерзімді қызмет әскери қызметшісінің өзін-өзі өлтіруіне қатысты тергеу барысы туралы айтылды, деп хабарлайды ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні билікті асыра пайдалану арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша күдікті ретінде сол заставаның келісімшарт бойынша әскери қызметшісі өтеді. Қылмыстық Іс материалдарына сәйкес ол Б.Мирашты және онымен бірге әскерге шақырылған басқа да мерзімді әскери қызметкерлерді жүйелі түрде психологиялық тұрғыда қорлап, соққыға жыққан. Күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасуда және ерекше бақылауға алынған", - делінген прокуратура хабарламасында.


Ведомствода атап өткендей, тергеу барысында болған оқиғаның барлық нұсқалары, соның ішінде жыныстық зорлық-зомбылық мүмкіндігі тексерілді. Алайда, бұл дерек расталмаған.

Адвокаттың өтінішхаттары белгіленген мерзімде қаралды және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы тәртібімен қанағаттандырылды.

Адвокат С. Пралиевтің қылмыстық істің мән-жайларын жариялау жөніндегі әрекеттерінің заңдылығын уәкілетті орган, адвокаттардың тәртіптік комиссиясы қарайды", - деп атап өтті баспасөз қызметі.


Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жеке өмірге, жеке және отбасылық құпияға қол сұғылмаушылықты ескере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жөніндегі өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың тамыз айында Жамбыл облысындағы "Шөлдала" шекара заставасында 18 жастағы мерзімді сарбаз Бекбол Мираш өз-өзіне қол жұмсаған. Оның өліміне сол заставаның бөлімше командиріне айып тағылды, оған ауыр зардаптарға әкеп соқтырған өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылды.

Тергеу нәтижелерімен келіспеген айыпталушының адвокаты Сержан Пралиев БАҚ өкілдеріне сөйлеген сөзінде тергеудің заң бұзушылықпен жүргізілгенін айтып, қайғылы оқиғаның жан түршігерлік жай-жапсарын айтты.

Адвокат БАҚ-та тергеуде орын алған заңбұзушылықтар туралы айтқан соң, сотта болуы тиіс істі тергеу қайта басталды.

Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің бастығы, шекара басқармасының басшысы, оның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және ТЖ болған заставаның бастығы қызметтерінен босатылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны