09.04.2024, 12:27 40411

Су тасқынына байланысты су басқан аймақтарда сібір жарасы мен мал қорымдары көмілді

Алайда бұл аумақтарда эпизоотиялық жағдай тұрақты
Су тасқынына байланысты су басқан аймақтарда сібір жарасы мен мал қорымдары көмілді. Алайда бұл аумақтарда эпизоотиялық жағдай тұрақты болып отыр, деп хабарлайды ҚР Ауылсшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сібір жарасын көму - жануар өлген жерде көмілген ауру қоздырғышының тарихи ошақтары екенін сіздердің назарларыңызға жеткіземіз. Осылайша, осы объектілерді ауыстыру мүмкін емес.

Сонымен қатар сібір жарасынан өлгеннен кейін жануар өртеу жолымен жойылды, ал күл бетондалатын саркофаг жасап көміледі, оның айналасына дезинфекциялық құралдар салынады.

Көмілген аумақ оқшауланған, ал осы учаскелерде індеттің болуына жыл сайын мониторинг жасалады, осы уақытқа дейін аурулардың жер бетіне шығуының бірде-бір жағдайын анықтаған жоқ.

Су басқан учаскелерден су кеткеннен кейін сол жерлерден топырақ сынамалары алынады. Ол үшін тиісті мамандар осы өңірлерге барып, сынамалар іріктеп жатыр.

Сонымен қатар, су басқан аймақтарда сібір жарасына қарсы жыл сайынғы вакцинация жыл басынан бері жоспарлы түрде жүргізілуде.

Мал қорымдарына келсек: бұл объектілер жұқпалы емес аурулардан өлген жануарларды жоюға арналғанын сіздердің назарларыңызға жеткіземін. Яғни, мал қорымдарын су басқан жағдайда да аса қауіпті инфекциялардың пайда болу ықтималдығы жоқ. Осындай нысандардың барлығы да судың ағуына байланысты тексеріледі.

Жалпы су басқан аймақтарындағы эпизоотиялық қауіпсіздік мәселелері жергілікті атқарушы органдармен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен үйлестіре отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты бақылауында болады.

Барлық қажетті ақпаратты Ауыл шаруашылығы министрлігі ресми арналар арқылы жедел жеткізеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны