03.02.2023, 18:06 28861

Тараз әкімдігінің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі Антикор тергеп жатыр

Тараз әкімдігінің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі Антикор тергеп жатыр
Жер учаскелерін негізсіз ауыстыру нәтижесінде мемлекетке 238 млн теңге көлемінде залал келтірілді

Тараз. 3 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Тараз қаласы әкімдігінің бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде.
 

Тергеу нәтижесінде 2021 жылы Тараз қаласының жер комиссиясының шешімімен Тараз қаласының тұрғынына шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер учаскесін жалпы ауданы 3,56 га болатын ғимараттар мен құрылыстар салуға арналған басқа 2 жер учаскесіне өтеусіз ауыстыру жүргізілгені анықталды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 
Жер учаскелерін негізсіз ауыстыру нәтижесінде мемлекетке 238 млн теңге көлемінде залал келтірілді.
 

Тергеу барысында Тараз қаласы Жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы және аталған бөлімнің бұрынғы сектор меңгерушісі ұсталып, Тараз қаласы сотының санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда", - деді агенттікте.

 
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен облыс прокуроры жер учаскелерін сот тәртібімен иеліктен шығару туралы шартты бұзу туралы мәселеге бастамашылық жасады.
 

Мәселен, 2023 жылғы 6 қаңтарда Жамбыл облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскелерін иеліктен шығару туралы шарт жарамсыз деп танылып, жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 
Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын одан әрі қолдау мақсатында облыс әкімдігімен мектеп пен көппәтерлі тұрғын үй құрылысына қайтарылған жер учаскесінің егжей-тегжейлі жоспарлануын түзету туралы келісімге қол жеткізілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны